ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНЫЙ СОВЕТ ФСМС: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЛАНЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып, Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Отырыс барысында Қордың басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов 2024 жылдың 11 айындағы жұмыс қорытындыларын шығарып, 2025 жылға арналған жоспарларын таныстырды. Халықты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтуға, медициналық қызметтерді қаржыландыру жүйесін жетілдіру және жаңа цифрлық шешімдерді енгізуге негізгі басымдық берілді.

«2024 жылдың аяқталуына санаулы күндер қалды. Қоғамдық-консультативтік кеңес маңызды жұмыс атқарды. Жыл бойы біз ашық форматта кез келген мәселені талқылап, қажетті ақпаратты жеткізіп отырдық. Сонымен қатар қиындықтан да болды. Десе де, жыл соңына дейін қарым-қатынастарымызды жаңа деңгейге көтерген жайымыз бар», – деді Қордың басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов.

Қоғамдық-консультативтік кеңестің төрағасы Марат Шоранов өз сөзінде былай деді:

«Жылды қорытындылай келе, біз өзекті мәселелерді терең талқылауға және негізді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік берген маңызды отырыстар мен талқылауларды ұйымдастырғанымызды айтқым келеді. Кеңес мүшелеріне белсенді қатысқандары және құнды ұсыныстары үшін, сондай-ақ Қор басшылығы мен қызметкерлеріне олардың ашықтығы мен ынтымақтастығы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Биыл Қор жоғары деңгейде ашықтық танытып, сапалы материалдар мен ақпарат ұсынды, бұл біздің жұмысымыздың тиімділігін айтарлықтай арттырды»

Айта кетейік, Қоғамдық-консультативтік кеңес мүшелері азаматтық қоғамды, оның пікірі мен мүдделерін қорғайды. Кеңестің негізгі міндеті МӘМС жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу және Қор жұмысының тиімділігін, ашықтығын және транспаренттілігін арттыруға қолдау көрсету. Кеңес құрамына 15 адам кіреді, оның ішінде азаматтық қоғам, медициналық және пациенттік қауымдастық, депутаттардың және тәуелсіз сарапшылардың өкілдері бар.

2024 жылы Қоғамдық-консультативтік кеңес әртүрлі сұрақтарға толымды жауап алу үшін Қорға 55 сұраным жолдады. Бұдан бөлек, кеңестің жұмыс жоспары бойынша 24 іс-шара толығымен атқарылды.

Кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін ағымдағы құрамда аяқтағаннан кейін де МӘМС жүйесін жетілдіруге қатысуға дайын екендерін білдірді. Кеңестің қазіргі құрамы 2025 жылдың 14 ақпанына дейін жұмысын жалғастырады.

Сонымен қатар, Қоғамдық-консультативтік кеңестің жаңа құрамын құру жұмысы басталып кетті. Қабылдау туралы хабарландыру Қордың ресми сайтында «Қоғамдық-консультативтік кеңес» бөлімінде жарияланған: https://msqory.kz/kk/eshche/obshchestvenno-konsultativnyy-sovet/deyatelnost-obshchestvenno-konsultativnogo-soveta/
25.12.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу