1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Қазақстан үкіметі келер жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мен кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК және МӘМС) шеңберінде көрсетілетін қызметтер тізімін бекітті.

«Аталған екі пакеттің айырмашылығы қандай? Кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті минималды стандарттардан тұрады. Мысалы: шұғыл көмекке зәру азаматтарға медициналық көмек көрсету, эпидемияның жаппай таралуына жол бермеу, мемлекеттің араласуын қажет ететін қиын жағдайға душар болған науқастарға көмек көрсету т.б. Сақтандыру пакеті пациенттердің өмір сапасын жақсартып, ұлт болашағының негізін қалауға бағытталатын өзге де көмек түрлерін қамтиды», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

ТМККК пакетінің жаңа нұсқасын дайындау барысында тізімге енген барлық қызмет түрлері жан-жақты сарапталған.

«Пакеттердің жаңа үлгісін дайындау барысында министрлік бір жарым жыл бойы медицина саласы өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеді. Атап айтқанда, қызметтерді сатып алу, ақы төлеу, мониторинг процесін жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Бірақ МӘМС жүйесін енгізуге дайындығымыз жоғары деуге болады», - деді министр.

Айтуынша, жаңа пакеттер биыл күзде еліміздегі аймақтардың бірінде нобайлы режимде іске қосылмақ.

         «Бұл жүйенің «осал тұстарын» тауып, проблемаларды 2020 жылға дейін, яғни міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін толыққанды енгізгенге дейін шешуге мүмкіндік береді», - деп қосты Елжан Біртанов.

         Жүйе 2020 жылдан бастап Қазақстанның барлық аймақтарында іске қосылады.

«Жалпы алғанда, келер жылға арналған бюджет жобасында кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен медициналық сақтандыру пакеттері негізінде көрсетілетін медициналық көмекке 1 620 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.

Еліміздің барлық азаматтары пайдалана алатын кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне жедел жәрдем мен санитарлық авиация, шұғыл стационарлық көмек, паллиативтік көмек енген. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар аурулар мен созылмалы аурулардың негізгі түрлерімен ауыратын тұрғындар осы пакет шеңберінде консультативтік-диагностикалық көмекпен, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмекпен қамтамасыз етіледі. Амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, туберкулезге шалдыққандарды оңалту қызметі де осы пакетке кіреді.

МӘМС пакеті: консультативтік-диагностикалық көмек, соның ішінде бағасы қымбат болып келетін зертханалық қызмет түрлерін, ТМККК енгізілмеген сырқаттарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, ТМККК пакетіне жатпайтын жағдайларда жоспарлы стационарлық және стацинарды алмастыратын көмекпен қамту, медициналық оңалту және пациент денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған ем-дом түрлерін қамтымақ.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап кепілдендірілген тегін көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттерінің қаржы операторы болып табылады. ТМККК шеңберінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер бюджет қаржысы есебінен, МӘМС пакетіне енетін қызметтер – Қордың активтері есебінен сатып алынады.  Қазіргі таңда Медициналық сақтандыру қорына Қазақстан бойынша 176,7 млрд теңге көлемінде жарна аударылды. Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС шеңберінде көрсетілген қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады.  

18.06.2019
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу