1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Коронавирус инфекциясымен және орташа ауыр, ауыр және аса ауыр пневмониямен ауырып жазылған қазақстандықтар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен оңалтудан өтеді.  Бұл азаматтардың үйде немесе ауруханада емделгеніне байланысты емес. Денсаулық сақтау министрлігінің «Медициналық оңалту ережелерін бекіту туралы» тиісті бұйрығы Әділет министрлігінде тіркеуден өтуде, - деп хабарлады ОКҚ брифингінде ӘМСҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

«Коронавирус пен пневмонияға шалдыққан МӘМС жүйесінде сақтандырылған пациенттер медициналық сақтандыру қаражаты есебінен оңалту қызметтерін ала алады. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінің «Медициналық оңалту ережелерін бекіту туралы» бұйрығының жобасы Әділет министрлігінде тіркелген», - деді Төкежанов.

Бұйрық бекітілгеннен кейін коронавирус инфекциясы мен орташа ауыр, ауыр және өте ауыр дәрежелі пневмониямен ауырған науқастар медициналық оңалтуға жатады. Медициналық оңалтуға жолдама реабилитологтың қатысуымен аурухананың немесе емхананың мультидисциплинарлық командасының қорытындысы бойынша беріледі.

«Көрсеткіштерді бағалаудың негізгі критерийлері: тыныс алу функциясы (сатурация деңгейі, КТ/рентгенография деректері бойынша өзгерістер), күнделікті өмірге қабілеттілік (Бартел индексі). Өте ауыр және ауыр дәрежедегі КВИ немесе пневмониямен ауырған пациенттер тәулік бойы стационар деңгейінде 2 кезеңдегі оңалтуға жатады, кейіннен 3 кезеңге ауыстырылады. Орташа ауыр КВИ/пневмонияға шалдыққан  пациенттер тәуліктік стационар деңгейінде, оның ішінде санаторий-курорттық жағдайда, күндізгі стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде 3 кезеңдегі оңалтуға жатады. Сондай-ақ, үйде емделіп, медициналық ұйымдарға жүгінбеген азаматтарға  3 кезеңді оңалту қарастырылған. Әрине, олар да мультидисциплинарлық команданың тексеруінен өтуі керек», - деді ол.

Төкежанов қазірдің өзінде коронавирус инфекциясы мен пневмониямен ауыратын науқастарды ерте оңалту ауруханада емделу кезінде «Коронавирус инфекциясы - COVID-19» клиникалық хаттамасының 10-редакциясына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын еске салды.

Жалпы, оңалту қызметтерін көрсету үшін биыл Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 559 жеткізушімен 46,7 млрд теңгеге  шарт жасасты. Олардың қатарында 203 жеке медициналық ұйым бар.

«Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бекітілгеннен кейін, Қор коронавирус немесе пневмониядан жазылып шыққан, медициналық оңалтуға  мұқтаж сақтандырылған пациенттердің емін қаржыландыруға дайын», - деді  Басқарма төрағасы.

24.09.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу