1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
НОВЫЕ ПРАВИЛА В ОСМС: СИСТЕМА СТАНОВИТСЯ ПРОЗРАЧНЕЕ
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға енгізілген өзгерістер медицина ұйымдары мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметінің ашықтығын арттыруға бағытталды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жаңа өкілеттіктер берілді. Енді комитет тиісті рұқсат құжаттары жоқ медициналық қызмет көрсету жағдайларын анықтап, жолын кесуге құқылы. Тексеруді бастауға тек пациенттің шағымы ғана емес, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы немесе заңбұзушылықты дәлелдейтін БАҚ-та жарияланған материалдар да негіз бола алады.

«Бұл Кәсіпкерлік кодексінде бекітілген норма пациенттерге қосымша қорғау деңгейін қамтамасыз етіп, қызметтер тек білікті әрі лицензияланған медициналық ұйымдар тарапынан көрсетілетіндігіне кепілдік береді», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева.

Жаңа нормалар медициналық ұйымдарды пациенттің сұрауы бойынша, егер бұл ақпарат ашық қолжетімді болмаса, лицензиялар мен санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар туралы мәлімет беруге міндеттейді. Сонымен қатар, Қор медициналық ұйымдардың қаржылық деректерін көре алады және келісімшарт талаптары бұзылған жағдайда көрсетілмеген немесе сапасыз қызмет үшін алынған қаражатты қайтаруды талап ете алады.

«Пациенттерді емдеуге бөлінген әрбір теңге тиімді жұмсалуы тиіс. Қаржылық ашықтық — медициналық көмектің сапасын арттырға жол ашады», – деп атап өтті Сәуле Тәжібаева.

Ашықтық нормалары Қор қызметіне де қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында әр тоқсан сайын МӘМС жүйесіне түсетін қаражаттар, олардың медициналық көмек түрлеріне бөлінуі, әрбір медициналық ұйымға бағытталған төлемдер және Қордың әкімшілік шығындары туралы деректер жарияланады.

Қабылданған шаралар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығын арттыруға, көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміне бақылауды күшейтуге және азаматтардың сенімін нығайтуға бағытталған.
12.08.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу