Ол осыған дейін Абай және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша Қор филиалдарының директоры қызметін атқарған Ғалымжан Әбілов.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының бұйрығымен Ғалымжан Әбілов басқарма төрағасының орынбасары қызметіне ауыстырылды. Қазіргі уақытқа дейін ол Абай облысы бойынша филиалды басқарды.
«Ғалымжан Нұржаубайұлы – білікті маман, 16 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, оның жеті жылдан астамын басшылық лауазымдарда атқарған. Еңбек жолын хирургтан бастап, ауруханаларда 11 жылдан астам жұмыс істеді. Сондықтан медициналық ұйымдардың мәселелерін жақсы біледі. Жинақталған білім мен тәжірибе сеніп тапсырылған бағыт бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі деп үміттенеміз. Алдағы жұмыста табыс тілеймін», – деп атап өтті жаңа орынбасарын ұжымға таныстырған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Әбілқайыр Сқақов.
Ғалымжан Әбілов Қорда 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін Қордың Шығыс Қазақстан облысы бойынша директоры қызметін атқарған.
Қазақ ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі», Қайнар академиясын экономика және бизнес магистрі, Қазақстан медицина институтын «дәрігер-хирург» мамандығы бойынша тәмамдаған.
«Ғалымжан Нұржаубайұлы – білікті маман, 16 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, оның жеті жылдан астамын басшылық лауазымдарда атқарған. Еңбек жолын хирургтан бастап, ауруханаларда 11 жылдан астам жұмыс істеді. Сондықтан медициналық ұйымдардың мәселелерін жақсы біледі. Жинақталған білім мен тәжірибе сеніп тапсырылған бағыт бойынша қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі деп үміттенеміз. Алдағы жұмыста табыс тілеймін», – деп атап өтті жаңа орынбасарын ұжымға таныстырған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Әбілқайыр Сқақов.Ғалымжан Әбілов Қорда 2019 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін Қордың Шығыс Қазақстан облысы бойынша директоры қызметін атқарған.
Қазақ ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі», Қайнар академиясын экономика және бизнес магистрі, Қазақстан медицина институтын «дәрігер-хирург» мамандығы бойынша тәмамдаған.
02.07.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026



