Артқа
Артқа

ӘМСҚ жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қаржыландыруды 36%-ға арттырды

МӘМС-ды енгізгеннен кейін ЖТМҚ көмегімен емделгендер 23%-ға көбейді

2020 жылғы 1-тоқсанда жоғары технологиялы медициналық қызметтерді (ЖТМҚ) қолдана отырып, еліміздің медициналық мекемелерінде 2 300-ден астам адам емделді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23% -ға көп. Сонымен бірге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бірінші тоқсанда жоғары технологиялық қызметтерді пайдаланатын аталған саннан көбірек пациенттерді емдеу жоспарланғанын айтады. Алайда, Алматы мен Нұр-Сұлтандв енгізілінген шектеулерге байланысты ғылыми орталықтары жабық болды, бұл қорытынды көрсеткішке әсер етті.

«Өткен жылы аталған қызметтерді тек халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары, оның ішінде жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі балалар, зейнеткерлер тегін ала алатын. 2020 жылдан бастап ЖТМҚ жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде барлық сақтандырылған азаматтар үшін тегін болды», – деп Қорда түсіндірді.

Сонымен бірге осы қызметтерді қаржыландыру көлемі 2020 жылдың 1-тоқсанында 36%-ға артып, шамамен 7 млрд теңгені құрады.

Жоғары технологиялық қызметтерді қолдана отырып, қан айналымы жүйесі аурулары бар науқастар көп емделді (57%). Тағы 8% –  туа біткен ауытқулары бар, 6% – дан-несеп-жыныс жүйесі, сүйек-бұлшықет жүйесі аурулары, жарақаттар мен уланулар.

«ЖТМҚ қаржыландыру көлемін ұлғайту оларды алу үшін күту мерзімін азайтуға және жаңа қызмет көрсетушілерді тартуға мүмкіндік береді. Жиынтығында бұл шаралар халыққа жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етуі тиіс», – деп атап өтті ӘМСҚ баспасөз қызметі.  

Қызметтер тізіміне заманауи алдыңғы қатарлы әдістерді қолданумен жүзеге асырылатын 80-ге жуық бірегей технологиялар енетіндігін атап өткен жөн. ЖТМҚ қамтамасыз ету үшін өте жоғары деңгейлі мамандар қажет.

03.06.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КОНСУЛЬТАНТОВ ПО ОСМС БУДУТ ГОТОВИТЬ НА БАЗЕ  МЕДИЦИНСКОГО УНИВЕРСИТЕТА АСТАНА
МӘМС КЕҢЕСШІЛЕРІН АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАЗАСЫНДА ДАЙЫНДАЙДЫ
МӘМС негіздері мен пациенттердің құқықтары елордалық медицина университетінің оқу бағдарламаларында оқытылатын болады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ мен «Астана медицина университеті» КЕАҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
19.03.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА ФЕВРАЛЬ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Елдің әр өңірінде ағза трансплантациясы, буын эндопротездеу және ісік алу сияқты бірегей операциялар жасалуда. Біз осы жылдың ақпан айында МӘМС қаражаты есебінен жүргізілген 10 бірегей және қымбат операцияларды тізіп шықтық.
18.03.2025
ТОП ВОПРОСОВ В ФСМС ЗА 2024 ГОД
2024 ЖЫЛЫ ҚОРҒА ЖИІ ҚОЙЫЛҒАН СҰРАҚТАР
Мәртебесі барлар қатарынан шығып қалу, тегін дәрі-дәрмек беру және медициналық көмек алу кезіндегі пациенттердің құқығы… Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында былтыр қазақстандықтардың қандай сұрақтарды жиі қойғанын айтып берді.
12.03.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу