Артқа
Артқа

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды жоспарлауда

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтауды толық қаржыландырмау нәтижесінде сақтандырылған азаматтар өздеріне тиесілі медициналық қызметтер көлемін толық ала алмайтынын атап өтті.

Мемлекет басшысының саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарау жөніндегі тапсырмасы аясында бірқатар іс-шараларды іске асыру көзделуде.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне арналған шығыстарды және халықтың 15 жеңілдікті санаты үшін мемлекеттің МӘМС жарналарын қосымша қаржыландыру мәселесін пысықтау қажет. Сондай-ақ қаражатты әкімшілендіруді оңайлату үшін және оларды тиімді пайдалану мақсатында ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржы ағындарын біріктіруді заңнамалық реттеу керек», - деді орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің МӘМС үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова.

Бұдан басқа, МӘМС жағдайында ерікті медициналық сақтандыруды толыққанды іске қосу үшін медициналық көмектің бағыттары және ерікті медициналық сақтандырумен жабу үшін көрсетілетін қызметтердің тізбелері айқындалатын болады, сондай-ақ шетелдіктерді, атап айтқанда, еңбек мигранттары мен шетелдік студенттерді жүктелген медициналық сақтандыру заңнамалық түрде бекітіліп, іске асырылатын болады.

«Сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесімен қамтуды кеңейту үшін 2022 жылғы 5 қыркүйектен бастап МӘМС туралы Заңға 12 ай бұрын МӘМС жарналарын төлеу және өткен айлардағы берешектерді жою арқылы дербес төлеушілер жүйесіне кірудің балама тетігін ұсынатын түзетулер күшіне енді. Қазіргі уақытта белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті Гүлжан Шайхыбекова.

Бұл ретте әкімдіктерге жыл соңына дейін қамтылуға тиіс адамдардың болжамды саны кемінде 300 мың адамды құрады.

«Сондай-ақ, мемлекеттік органдар платформалық жұмыспен қамтуды ресмилендіру бойынша іс-шаралар жүргізуде, бұл МӘМС жүйесіне 500 мың адамды тартуға мүмкіндік береді», - деп Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі сөзін қорытындылады.

16.09.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАК СТУДЕНТАМ ПОЛУЧИТЬ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО
СТУДЕНТТЕР САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?
Қазақстанда немесе шетелде күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді. Алайда, олардың сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі әртүрлі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында еске салды.
13.06.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА МАЙ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Біз осы жылдың мамыр айында МӘМС қаражаты есебінен жасалған 10 бірегей әрі күрделі операцияларды жинап шықтық.
12.06.2025
КРЕДИТОРСКАЯ ЗАДОЛЖЕННОСТЬ МЕДОРГАНИЗАЦИЙ СОКРАЩЕНА НА 12%
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕГІ 12%-ҒА ҚЫСҚАРДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында медициналық ұйымдардағы оң динамиканың сақталуы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.
05.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу