Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Дені сау ұлт» Ұлттық жобасының шараларын іске асыру арқылы халық үшін медициналық көмектің кейбір түрлері бойынша қаржыландыруды ұлғайтуды, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен арттыруға қаражат бөлуді көздеп отыр.

Дәрігерлердің орташа жалақысын жүйелі түрде арттыру үшін экономикадағы орташа жалақыға 2022 жылы 30,78 млрд теңге, орта медициналық қызметкерлердің орташа жалақысын арттыруға 44,29 млрд теңге қарастырылған.

Ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қаржыландыруды ұлғайту жалғасады. 2022 жылы ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық-санитариялық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту 47,5% - ға жетеді, оның ішінде жылжымалы мобильді кешендер қызметтерімен қамтылған халық саны 1,2 млн адамға дейін өсетін болады.

«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын халықты жылжымалы медициналық кешендерді тарта отырып, медициналық қызметтермен қамтамасыз ету үшін келесі жылы 13,95 млрд теңге бөлінеді. Қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру үшін, оның ішінде ауылда МӘМС енгізу және квоталарды ұлғайту есебінен келесі жылы 1 млн қызметті қаржыландыруға 26 млрд теңге қарастырылған», - деп нақтылады.

«Аңсаған сәби» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасады, 2022 жылы 7 мың ЭКҰ-ны қаржыландыруға 6,68 млрд теңге қарастырылған.

Сондай-ақ жүкті әйелдерді жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаумен қамту 80% - ға дейін, ал 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамту 75% - ға дейін ұлғайтылады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту жоспарлануда, 2022 жылы көрсеткіш 30-ға дейін өседі. Жасөспірімдер мен жастардың психикалық және репродуктивті денсаулығы мәселелері бойынша мамандардың қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін жастар денсаулық орталықтарында 2,35 млрд теңге бөлінді.

 

30.12.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу