Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден босатылған ШОБ жұмыс берушілеріне әр айдың 25-не дейін сақтандырылған адамдардың мәртебесін беру үшін қызметкерлердің тізімін өзектендіру қажеттілігі туралы үнемі еске салады.

«ШОБ секторында жұмыс істейтін 800 мыңнан астам адам МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылды. Олар жүйеде сақтандырылған болу үшін жұмыс берушілер қызметкерлердің тізімін беріп, ай сайын https://msb.fms.kz/login сілтемесі бойынша жаңартуы керек. Жұмыс беруші өз қызметкерінің сақтандырылуына, медициналық көмекті уақытында ала алуына олардың белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты екенін түсінуі қажет. Өкінішке орай, кейбір өңірлерде ШОБ субъектілерінің тартылу деңгейі төмен" екенін Қор атап өтті.

25 тамыздағы жағдай бойынша ШОБ жұмыс берушілерінің 41% ғана өз қызметкерлерінің деректерін өзектендірді. Яғни, жұмыс берушілердің уақтылы ақпарат беруіне байланысты Қазақстан бойынша ШОБ қызметкерлерінің жартысынан көбі сақтандырылмаған күйінде қалып отыр.
Талдау көрсеткендей, Алматы облысында (субъектілердің 73% деректері өзектендірілген), Батыс Қазақстан (67%) және Қостанай (58% жуық) өз қызметкерлерін медициналық сақтандыру туралы қамқорлық танытқан ең жауапты жұмыс берушілер.

Түркістан облысының жұмыс берушілері ең аз белсенділік танытуда - ШОБ субъектілерінің 84% жұмыскерлерінде сақтандырылу мәртебе жоқ, Атырау облысы - 67% астам, Нұр-Сұлтан қаласы - 64% астам және Алматы қаласы - 64% жуық.

Осы өңірлердің шағын және орта бизнес субъектілері Қорға қызметкерлер тізімін беру жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет. Ол үшін https://msb.fms.kz/login сілтемесі бойынша өту керек және БСН арқылы тізімнен өз ұйымыңызды табу қажет. Заңды тұлғаның немесе ЖК ЭЦҚ көмегімен тіркелу және Қордың ақпараттық жүйесіне кіріп, Пайдаланушы келісіміне қол қою. Содан кейін МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН еңгізу (бір Excel файлымен немесе әр қызметкерге жеке). Одан әрі, деректерді ай айдың 25 дейін жаңартып отыру қажет.
Қызметкер Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын қолдана отырып, өз деректерін дербес бере алады. Өтініште ұйымның деректерін көрсету және растайтын құжатты бекіту қажет (тағайындау туралы бұйрық немесе еңбек шарты).

27.08.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу