1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп "ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды талқылады.

Бұйрықтың жобасын талқылауға "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері де қатысты.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалау өлшемшарттарының негізі бойынша ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық көмектің көлемі үшін автоматтандырылған бөлу тетігін енгізуді ұсынды. Айта кететін болсақ, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін автоматтандырылған түрде бөлу қағидаттары мен бағалау критерийлері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2019 жылғы 30 - қаңтардағы № SHIP-1/CS-01 шартында көрсетілген "МӘМС ұлттық жүйесін енгізуді қолдау" жобасы аясында KPMG компаниясының "ТМККК/МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу бойынша нұсқаулық" әдістемелік ұсынымдары негізінде әзірленген болатын.

"ӘМСҚ" КЕАҚ Медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры Светлана Пономарева: "Ресурстық базаның, менеджмент деңгейінің, сондай-ақ, көмек көрсету сапасының көрсеткіштерін бағалау индикаторлары негізі бойынша есептелген денсаулық сақтау субъектілерінің рейтингтік бағасын назарға ала отырып процестерді автоматтандыру Денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және қызметтер көлемін орналастыру бойынша комиссиялардың медициналық көмектің көлемін бөлу процесін әлдеқайда ашық, жүйелендірілген, стандартталған тәсілдермен жасауға мүмкіндік береді",- деп айтып өтті. Осы тұрғыда "Электрондық қаржы орталығы" АҚ-ның "Электрондық коммерциялық сатып алу" веб-порталы автоматтандырылған бөлу алаңы болып табылады.

 

Сонымен бірге, аталған бұйрықтың жобасы әлеуетті өнім берушілер ұсынған мәліметтер мен құжаттарды тексеру рәсімін регламенттеу бойынша комиссияның жұмысын одан әрі жетілдіруді көздейді. Естеріңізге сала кететін болсақ, бүгінгі таңда көлемдерді бөлуді комиссия қолданыстағы бұйрықтың 48-тармағының негізінде жүзеге асырады:

 

ü денсаулық сақтау субъектілерінің өндірістік қуаты, оның ішінде төсек сыйымдылығы

ü медициналық көмектің сапасын, сонымен қатар қолжетімділігін сипаттайтын денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінен немесе медициналық ақпараттық жүйелерден алынған қызметтер мен деректерді ұсыну тәжірибесі

ü сатып алу шарттары бойынша жасалынған шарттық міндеттемелер, оның ішінде медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша жасалынған мониторингтің нәтижесі

ü денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын дамыту бойынша өңірлік перспективалық жоспар

ü денсаулық сақтау субъектілерінде өткен жылға медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне негізделген шағымдардың болмауы

ü денсаулық сақтау саласында аккредиттеудің неғұрлым жоғары санатының болуы

ü бекіту науқанының нәтижелері

Бұйрықтың жобасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тарапынан толық мақұлданды.

13.09.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу