Бүгін өңірге жұмыс сапары барысында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов бірқатар медициналық мекемелерге барды.
Бірінші нысан облыстық көпсалалы аурухана болды. Профессор Хафиз Мақажанова инсульт орталығының 60 төсек-орынға арналған бөлімшесін таныстырды. КВИ індеті және шектеулі жоспарлы көмек жағдайында мұнда неврологиялық бейіндегі ең ауыр науқастар әкелінеді.
Клиниканың бас дәрігері Дамир Құрманғалиевтің айтуынша, бөлімшеде қарқынды терапияның екі блогы бар, операция бөлмесінде диагностикалық және эндоваскулярлық операциялар жүргізу үшін екі ангиограф орнатылған.
Мұнда ми қан айналымының әртүрлі бұзылыстарын емдеуде нейрохирургиялық араласулар сәтті қолданылады, мысалы, тромбоэкстракция технологиясы. Жаңа жабдықтар мен жоғары білікті мамандардың көмегімен жасалған бұл күрделі операция өлімнің алдын алып қана қоймай, жойқын инсульттан кейін өмір сапасын қалпына келтіре алады.
Қор басшысына орталық мамандары сондай-ақ жіті инсульт пен жарақаттың мониторингі бойынша ахуалдық орталықтың жұмысын көрсетті. Аталған орталықтар облыстың емдеу мекемелеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді, науқастарды бақылау бөлігінде емханалармен өзара іс-қимыл жасайды.
Бүгінгі таңда клиниканың төсек-орын қуаты 823 кереуетті құрайды, оның ішінде 622 тәулік бойы стационар, 130 инфекциялық, 71 күндізгі стационар. Кеңес беру - диагностикалық орталығына бір ауысымда 200-ге жуық адам келеді.
Клиниканы қаржыландыру құрылымының басым бөлігін МӘМС сақтандыру пакетінің қаражаты құрайды, олар жоғары технологиялық медициналық көмекке ақы төлеуге және науқастарды емдеудің жаңа әдістерін енгізуге жұмсалады.
2017 жылы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында ашылған "Луч" нейрореабилитациялық орталығы тағы бір маңызды пункт болды. Қазір ол 5 филиалдан тұрады, оның ішінде Жезқазған мен Теміртау бар. Орталықта жылына 5 мың адамға дейін инсульттан, нейрохирургиялық және травматологиялық операциялардан кейін оңалтудан өтуге болады.
Келесі нысан Қарағанды қаласында 2020 жылдың шілде айында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде пайдалануға берілген №11 жаңа емхана болды.
Ол 24 мың тіркелген халыққа қызмет көрсетеді, ол үшін 16 учаске ашылды - жалпы практика, терапия және педиатрия.
Бас дәрігер Радмила Габдракипова әңгіме барысында атап өткендей, бұл емхана шағын аудан тұрғындары үшін медициналық қызметтердің кең спектрінің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Мұнда алғашқы және профилактикалық көмектен басқа, оңалту қызметтерін алуға, ультрадыбыстық диагностикадан, қан тамырларының доплерографиясынан, нейросонографиядан, ортоптикалық кабинеттен өтуге болады.
Өз кезегінде, ӘМСҚ басшысы Болат Төкежанов жеке инвестициялар есебінен МСАК желісін дамытудың маңыздылығын атап өтті, бұл озық тәжірибелерді тартуға, медициналық көмектің сапасын жақсартуға және оның қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол МӘМС қаражаты есебінен өңірдегі алғашқы медициналық көмек нысандарын қаржыландырудың 19% -ға айтарлықтай өскенін еске салды.