Артқа
Артқа

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақтөбе филиалына жаңа директор тағайындалды

Бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Токежановтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында ондағы жаңа директор - Алтай Оразбағамбетов Қор филиалының қызметкерлерімен таныстырылды.

Бұған дейін ол түрлі медициналық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған, Ақтөбе облысы бойынша Медициналық қызметтердің сапасын бақылау департаментінің директоры, "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы"ШЖҚ РМК аумақтық филиалының директоры болған.

Ұжымның жаңа директормен алғашқы кездесуі жұмыс кеңесі форматында өтті, онда Қордың өңірдегі филиалының ағымдағы қызметі талқыланды, Ақтөбе облысында медициналық көмек көрсетудің проблемалық мәселелері көтерілді және оларды шешу жолдары ұсынылды.

Филиалдың экс - директоры Батырбек Нұрғалиев жаңа директорға атқарылған жұмыстар мен негізгі проблемалық мәселелер туралы қысқаша айтып берді.

"ӘМСҚ" КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов Батырбек Нұрғалиевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы еңбек жолында табыс тіледі.

16.08.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ФСМС ПРЕЗЕНТОВАЛ НАПРАВЛЕНИЯ «ПЕРЕЗАГРУЗКИ» СВОЕЙ РАБОТЫ
ӘМСҚ ӨЗ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ «ЖАҢҒЫРТУ» БАҒЫТТАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ
12 мамырда өткен Қоғамдық-консультативтік кеңестің алғашқы отырысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын кезең-кезеңімен өзгерту жоспары ұсынылды.
13.05.2025
ПОДПИСАН МЕМОРАНДУМ С ЦЕНТРАЛЬНЫМ ДОМОМ БУХГАЛТЕРОВ О ПОДГОТОВКЕ КОНСУЛЬТАНТОВ ОСМС
ОРТАЛЫҚ БУХГАЛТЕРЛЕР ҮЙІМЕН МӘМС КОНСУЛЬТАНТТАРЫН ДАЯРЛАУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қызмет етуі туралы мақсатты аудиторияның хабардарлығын арттыруға бағытталған білім беру жобасы аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры серіктестік бастамаларын кеңейтуді жалғастыруда.
22.04.2025
КЛИЕНТЫ JUSAN BANK БУДУТ ПОЛУЧАТЬ ИНФОРМАЦИЮ ОБ ОСМС
JUSAN BANK КЛИЕНТТЕРІ МӘМС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Jusan Bank ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді банктің мобильді қосымшасында медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі пайда болады.
21.04.2025
Барлығын қарау
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу