2020 жылдың қаңтарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдар ретінде 34,2 млрд теңге төленді.

Жарналардың көп бөлігі мемлекет тарапынан төленді - 24 млрд теңгеден астам (жеңілдігі бар 15 азаматтар санатттарына бағытталған жарналар). Жұмыс берушілердің аударымдары 9,4 млрд теңгені құрады, қалған азаматтардың жарналары 770 млн теңгеден асты.

Өңірлер арасында ең көп сомалар Алматы (1,8 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан қалаларынан (1 млрд теңгеден астам) және Қарағанды облысынан (800 млн теңге) түсті. Ең аз түсімдер Батыс Қазақстан (309 млн теңге), Қызылорда (271,8 млн теңге) және Солтүстік Қазақстан (231,5 млн теңге) облыстарында тіркелген.

МӘМС бойынша барлық төлемдер ҚР Ұлттық банкіндегі Қордың ағымдағы шотына аударылады. Кейіннен қаражат Қордың жеткізушілерінің - медициналық ұйымдардың көрсеткен медициналық қызметтеріне ақы төлеуге жұмсалады.

Өз кезегінде Қор, 2020 жылға жасалған келісімдерге сәйкес, үстіміздегі жылдың қаңтарында медициналық ұйымдарға МӘМС қызметтерін көрсету үшін 35 млрд теңгеден астам соманы аванстық төлем түрінде жіберді.

Анықтама

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен 2020 жылы денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті шамамен 1,6 трлн теңгені құрады.

12.02.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ЗА ЧТО МЫ ПЛАТИМ ОСМС?
БІЗ МӘМС ЖАРНАЛАРЫН НЕ ҮШІН ТӨЛЕЙМІЗ?
Биыл МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 1,3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл қызметтерге не кіретінін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар түсіндірді.
18.07.2025
ЧТО ДАДУТ ИЗМЕНЕНИЯ В ЗАКОН ОБ ОСМС
МӘМС ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР НЕ БЕРЕДІ
Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістерді ресми бекітіп, құжатқа қол қойды. Бұл өзгерістердің қарапайым азаматтар мен жалпы жүйеге қалай әсер ететіні жайында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түсініктеме берді.
14.07.2025
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу