1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
МӘМС негіздері мен пациенттердің құқықтары елордалық медицина университетінің оқу бағдарламаларында оқытылатын болады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ мен «Астана медицина университеті» КЕАҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеу негіздері бойынша курсты білім беру процесіне енгізуге, МӘМС жүйесіндегі пациенттердің құқықтары туралы білімдерін жетілдіру және азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталған.

ӘМСҚ Басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова атап өткендей, АМУ-мен меморандумға қол қою – бұл Қордың білікті мамандарды даярлау және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласында озық тәжірибелерді енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын алғашқы білім беру бастамасы.
«Медициналық сақтандыру қағидаттарын білу болашақ дәрігерлерге денсаулық сақтау саласындағы білікті мамандар ғана емес, сонымен қатар бүгінгі күні барлық азаматтарға сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсететін медициналық сақтандыру жүйесінің тиімді қатысушылары болуға көмектеседі», – деді Индира Саркенова.

Өз кезегінде Астана медицина университетінің ректоры Анар Тұрмұхамбетова жасалған келісім МӘМС жүйесін оқу үдерісіне енгізудегі маңызды қадам екенін баса айтты.
«Студенттерді МӘМС-тің негізгі аспектілеріне оқыту олардың кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, медициналық сақтандыру мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл жоба денсаулық сақтау саласындағы болашақ дәрігерлер мен консультанттарды даярлауға елеулі үлес қосатынына сенімдіміз», – деп түйіндеді Анар Тұрмұхамбетова.

Қор МӘМС жүйесін жетілдіру және болашақ мамандарды даярлау деңгейін арттыру үшін қолайлы жағдай жасай отырып, жоғары оқу орындарымен және білім беру орталықтарымен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырады.

19.03.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу