1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
КЛИЕНТЫ JUSAN BANK БУДУТ ПОЛУЧАТЬ ИНФОРМАЦИЮ ОБ ОСМС
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және Jusan Bank ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді банктің мобильді қосымшасында медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесін тексеру сервисі пайда болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жүйесінде азаматтардың сақтандыру мәртебесін тексеру және соңғы 12 айдағы төлемдерді көрсету үшін алаңдарды кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бұл жолы Қор Jusan Bank-пен оның мобильді қосымшасында МӘМС туралы ақпарат алу бойынша сервис құру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты – банктің әрбір клиентіне МӘМС жүйесіндегі мәртебені қарау, төлемдердің түсуінің жүйелілігі туралы ақпарат қолжетімді болады.

Тапсырманы іске асыру үшін қажетті техникалық жұмыстар 2025 жылдың 3 тоқсанына жоспарланған.

«Қор банктермен және басқа ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Жүргізілген жарналар туралы ақпарат ала отырып, азаматтар міндетті сақтандыру қызметтерінің пакетін қажет болған жағдайда пайдалану үшін МӘМС-тегі өз мәртебесін бақылай алады», – деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

«Jusan Bank командасы әрқашан біздің клиенттеріміз үшін ыңғайлы және пайдалы қызметтерді құруға бағытталған. Банктік өнімдерді құру және жақсарту арқылы біз мемлекеттік қызметтер туралы ұмытпаймыз. Азаматтарды МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін тексеру және төлемдерді көрсету жөніндегі сервис Банктің қосымшасында да қолжетімді болады. Клиенттің жайлылығы - біздің басты міндетіміз, және біз осы бағыттағы сервистерді жақсартуды жалғастырамыз», – деп атап өтті Jusan Bank деректерді басқару блогының басқарушы директоры Ержан Малимбаев.

Айта кетейік, МӘМС мәртебесін тексеру сервисі биыл Freedom Bank, Bereke Bank, Home Credit Bank, Еуразиялық банктің мобильді қосымшаларында, ал бұдан бұрын – Халық банк, Kaspi Bank және ЦентрКредит Банкінің мобильді қосымшаларында іске асырылды. Екінші деңгейдегі басқа банктердің мобильді қосымшаларында сервисті орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
21.04.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу