ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК КЛИЕНТТЕРІ МӘМС БОЙЫНША PUSH-ХАБАРЛАМА АЛАТЫН БОЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Еуразиялық банк МӘМС төлемдерін өткізу туралы клиенттерге push-хабарлама жіберу жөнінде келісімге келді. Осы мақсатта тараптар тиісті меморандумға қол қойды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттарының бірі – жарналар мен аударымдарды тұрақты төлеу. Биыл Қор осы бағытта халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, 2 миллионнан астам адамды қамтыды. Сонымен қатар, Қор проактивті форматтағы өзара әрекеттестікті дамыту үшін жаңа цифрлық технологияларды енгізуге басымдық беріп отыр.
«Бірқатар маңызды шаралармен қатар, Қор push-хабарламалар жіберу сервисін әзірлеп болды. Оның басты мақсаты – азаматтарға МӘМС төлемдерін уақытылы жүргізбеген жағдайда алдын ала ескерту. Себебі төлем уақытында жасалмаса, сақтандырылған мәртебесінен айырылу қаупі туындайды. Яғни, қолданушы жарна төлеуді ұмытып кетсе, мобильді қосымша оған автоматты түрде хабарлама жібереді», – деп мәлімдеді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
Еуразиялық банк рush-хабарламаларды жіберу сервисіне қосылуға алғашқы болып ниет білдіріп, Қормен екіжақты келісімге қол қойды.
«Еуразиялық банк клиенттеріне әрдайым ыңғайлы әрі пайдалы цифрлық қызметтер ұсынуға тырысады. Біз бұл жобаның алғашқы қатысушыларының бірі болғанымызға қуаныштымыз. Енді біздің клиенттер сақтандырылған мәртебесі туралы және оны жоғалту қаупі жөнінде уақытылы хабарлама алатын болады», – деді Еуразиялық банк басқарушы директоры Әлішер Елюбаев.
Ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары 2025 жылдың І тоқсанында аяқталады деп жоспарланған.

10.12.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
«МСАК КӨШБАСШЫСЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР АРАСЫНДА САҚТАНДЫРЫЛМАҒАНДАР САНЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «МСАК көшбасшысы» байқауының қорытындысын жариялады. Оған еліміздің 18 өңірінен 408 медициналық ұйым қатысты.
30.12.2024
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып, Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
25.12.2024
2025 ЖЫЛЫ МӘМС-КЕ ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
24.12.2024