ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне проактивті түрде тарту аясында ОСМС жүйесіндегі мәртебе туралы SMS-таратылымның басталғанын хабарлайды. Хабарламалар 1414 қысқа нөмірінен жіберіледі.
SMS-хабарлама таратудың мақсаты – азаматтарды алдын ала ескерту арқылы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін дер кезінде шара қабылдауға мүмкіндік беру, сондай-ақ төлеушілердің медициналық көмек алу құқығын қорғау.
Алғашқы SMS-хабарламалар осы жылдың қыркүйегінде таратыла бастады, олар МӘМС-тегі мәртебесін қазан айында жоғалту қаупі бар азаматтарға жіберілген. SMS-хабарламаға енгізілген азаматтар тізімі мынадай тәртіппен қалыптастырылды: олардың МӘМС-ке соңғы төлемі маусым айында түскен, ал шілде, тамыз және қыркүйек айларында жарналар түспеген. Осыған байланысты бұл азаматтар қазан айында сақтандырылған мәртебесін жоғалтуы мүмкін.
Еске сала кетейік, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес, жарналарды төлеуді тоқтатқан азаматтар МӘМС аясында үш ай ішінде медициналық көмек алуға құқылы. Бұл кезеңде олар шартты түрде сақтандырылған болып саналады, алайда өткізіп алған айлар үшін жарналарды төлеу міндеті сақталады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды «сақтандырылған» мәртебесінің тоқтатылуына жол бермеу және медициналық көмек алу кезінде шектеулерге тап болмау үшін жарналарды уақытылы әрі толық көлемде төлеуге кеңес береді.
Сақтандыру мәртебесі бойынша ақпаратты Қордың msqory.kz сайтында, Telegram-дағы SaqtandyryBot, сондай-ақ eGov Mobile, Damumed, Qoldau 24/7, Kaspi Bank, Halyk Bank, Банк Центр Кредит (BCC.KZ), Freedom Bank, Bank Bereke, Bank Home Credit Bank, АО «Евразийский банк» мобильді қосымшалары арқылы алуға болады.
МӘМС-ке аударымдар мен жарналарды төлеу, сондай-ақ медициналық көмек көрсету сапасы мәселелері бойынша төмендегі байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз:
- Қордың msqory.kz сайтында;
- Telegram-дағы SaqtandyryBot.

08.10.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026