1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПРЕДУСМОТРЕНА ШКОЛЬНИКАМ
Оқу жылы басталғалы бері ата-аналар балаларына қандай тегін медициналық қызметтер көрсетілетінін білгісі келеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры бұл туралы түсініктеме дайындады. Оқушылар МӘМС жүйесінде автоматты түрде сақтандырылған, яғни олар үшін жарналарды мемлекет төлейді. Сондықтан олар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында да барлық қажетті медициналық қызметтерді ала алады.
Оқушыларға қандай медициналық қызметтер қолжетімді? - Мектеп медицинасы;
- Стоматологиялық қызметтер;
- Дәрігерлердің консультациялары;
- Зертханалық талдаулар;
- Құрал-жабдық диагностикасы (УДЗ, рентген, КТ, МРТ және т.б.);
- Күндізгі стационар;
- Тәулік бойғы стационар;
- Оңалту қызметтері;
- Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (аурулардың тізімі бойынша);
- Жоғары технологиялық медициналық көмек.
«Мектеп медицинасы» деген не? Бұл – білім беру ұйымдарында мектеп және мектепке дейінгі балаларға көрсетілетін медициналық көмек. Оған балалардың денсаулығын қорғау мен нығайту, аурулардың алдын алу және олардың денсаулық жағдайын динамикалық бақылау кіреді.
Мектеп медицинасына келесі қызметтер кіреді: - Алдын ала медициналық қарауларды жүргізу;
- Оқу және демалыс уақытындағы сауықтыру іс-шаралары;
- Аурулардың алдын алу;
- Денсаулықты нығайту және дұрыс тамақтануды насихаттау;
- Репродуктивті денсаулықты қорғау;
- Психикалық денсаулықты қорғау, суицид, темекі шегу, есірткі мен улы заттарға әуестік, ойынға тәуелділіктің алдын алу;
- Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес вакцинация жүргізу;
- Алдын ала қараулар нәтижесі бойынша оқушыларды терең медициналық тексеруге жолдау;
- Санитарлық ережелерді сақтау.

Бұл қызметтер мектеп орналасқан аумаққа тиесілі емхана арқылы көрсетіледі. Мектептердегі медициналық пункттер оқу жылы барысында балаларды медициналық қызметкерлер бақылап, уақытылы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«Кейде бізге ата-аналардан балаларын рұқсатсыз басқа медициналық ұйымға тіркеп қойғаны туралы шағымдар түседі. Мұндай пікірдің пайда болуына себеп – жүйеде баланың басқа емханадан медициналық қызмет алғаны туралы ақпараттың көрінуі. Алайда іс жүзінде бұл қызметті баланың оқып жатқан мектебіне қызмет көрсететін емхана көрсеткен», – деп түсіндірді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

Сол себепті ата-аналар кейде балаларына қатысты көрсетілген медициналық қызметті білмей, оған жүгінбегенін айтып жатады. Мұндай қызметтер туралы ақпарат скрининг және қосымша диагностикалық шаралар толық аяқталғаннан кейін, кейде баланың жасы жеткеннен кейін ғана базада пайда болуы мүмкін (мысалы, баланың жасы жетіге толмаған болса да, ол бірінші сыныпта оқитын болса, скрининг нәтижелері бала туған күнінен кейін енгізіледі).
17.09.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу