Артқа
Артқа

МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді қалай білуге болады?

Медициналық сақтандыруға 15,5 млн адам қатысады. Егер сіз сақтандырылған мәртебеңізді және өзіңіз үшін жарналардың түсетінін не түспейтінін білмесеңіз, оны бірнеше жолмен тексеруге болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сақтандырылғандарға МӘМС бойынша қажетті медициналық қызметтерді қалай алуға болатынын айтып берді.

 

Көптеген адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті қалай алуға болады деп ойлайды, өйткені МӘМС бойынша тар бейінді дәрігерлердің консультациялары, гормондарға талдаулар, КТ/МРТ және басқа да қажетті диагностикалық қызметтер қолжетімді болып келеді.

 

Бірінші қадам - өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді тексеру.

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді бірнеше жолмен тексеруге болады.

1.         Egov.kz. электрондық үкімет порталы

Ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударылған аударымдар және (немесе) жарналар сомасы туралы ақпарат беру» қызметін табу, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басу, ЖСН-ді енгізу қажет. Нәтиже 10 минут ішінде пайда болады.

2. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты   

«Мәртебені анықтау» қалқымалы терезесі сайт бетінің оң жақ бұрышында орналасқан. Оны басу және ЖСН-ді енгізу жеткілікті.

3. Goldau 24/7 мобильді қосымшасы.

PlayMarket немесе AppStore-да қосымшаны жүктеп алыңыз. Мәзірде «Сақтандырылу мәртебесін тексеру» бөлімін таңдап, ЖСН-ді енгізу қажет. Терезеде мәртебе және алдыңғы 12 айға төлемдердің болуы туралы ақпарат пайда болады.

4.     Telegram-дағы @SaqtandyrýBot.

Ботты іске қосу үшін келесі сілтемені ашу керек: https://t.me/SaqtandyryBot немесе іздеу жолына оның атын енгізіңіз, содан кейін «Сақтандыру мәртебесін анықтау» бөлімін таңдаңыз, ЖСН-ді енгізіңіз. Алдыңғы 12 айдағы төлемдердің жағдайы мен бар - жоғы туралы ақпарат көрсетіледі.

Сақтандырылған мәртебеңіздің бар екенін тексергеннен кейін, сіздің МӘМС тізбесі бойынша сақтандырылған азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтерді пайдалануға құқығыңыз бар. Ол үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болып табылатын алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың біріне бекітілгеніңізді тексеру қажет. Бекітілмеген жағдайда, egov.kz. сайты арқылы бекітілуге өтінім беріңіз.

Енді сіз өзіңіздің учаскелік дәрігеріңіздің қабылдауына жазыла аласыз. Көрсетілімдер болған кезде дәрігер базалық немесе кеңейтілген талдаулар тізбесіне жолдама жазады, қажет болған жағдайда сіздің денсаулығыңыздың жай-күйін бағалау және емдеуді тағайындау үшін диагностикалық тексеруге немесе тар бейінді маманның консультациясына жібереді. Бұл қызметтердің барлығын МӘМС аясында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді, пациент олар үшін ақы төлемеуі керек.

 

Егер сізде медициналық көмектің сапасы мен уақтылығы туралы сұрақтар туындаса, сіз емхананың Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне хабарласа аласыз. Егер жағдайды шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына келесі кері байланыс арналары арқылы өтініш жіберуге болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyrýBot.

02.03.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
УТВЕРЖДЕН ДОГОВОР ПРИСОЕДИНЕНИЯ В НОВОЙ РЕДАКЦИИ
ӨЗГЕРТІЛГЕН ЖАҢА ҚОСЫЛУ ШАРТЫ БЕКІТІЛДІ
Бұл шарт 2025 жылғы 3 қаңтардан бастап медициналық қызметтер берушілер үшін міндетті болады.
09.12.2024
БОЛЕЕ 140 ТЫСЯЧ ТЕНГЕ ПРИХОДИТСЯ НА МЕДУСЛУГИ ОДНОГО КАЗАХСТАНЦА
БІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ 140 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТИЕСІЛІ
Желтоқсан айының 5-7 күндері «ДДСҰ» қазақстандық медициналық университеті ұйымдастырған «Global Health» халықаралық конгресі өтуде. ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова түрлі елдерден келген әріптестерінің алдында ҚР МӘМС жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндама жасады.
06.12.2024
О ЧЕМ ГОВОРИЛИ НА ЗАСЕДАНИИ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА ФСМС
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНДА НЕ АЙТЫЛДЫ
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу нәтижесінде халықты МӘМС жүйесімен қамту деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 340 мыңнан астам адамға артты. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің жетінші отырысында айтылды.
05.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу