Қор басшысы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде МӘМС жүйесі жұмыстарын жетілдіру бойынша жоспарларын айтты. Қор жүйенің басқа қатысушыларымен – уәкілетті орган Денсаулық сақтау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен, сондай-ақ өңірлік денсаулық сақтау басқармаларымен және тікелей медициналық ұйымдармен бірлесіп, медициналық сақтандыру жүйесіндегі проблемаларды шешудің жаңа тұжырымдамалық тәсілдерін әзірлеуде.

Айдын Ашуев атап өткендей, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қор деперсонализацияланған айқаспалы және толассыз мониторинг жүргізуді көздейтін ақпараттық жүйені әзірледі және сынақтан өткізуде.

Бұл, алдымен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды. Екіншіден, сарапшыға медициналық көмек алатын пациенттің бағытын көруге мүмкіндік береді (учаскелік дәрігердің қабылдауынан бастап, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және оңалтуға дейін)», - деп Қор басшысы әзірленген ақпараттық жүйенің маңыздылығын түсіндірді.

Сондай-ақ, Айдын Ашуев Қордың медициналық қызметті алу фактісін растау үшін жеке верификация тетігін енгізуге ниетті екенін айтып берді.

«Ары қарай дәл осындай механизм медициналық көмектің сапасын бағалау үшін де қолданылады. Осылайша, адамдар қандай қызметтерді алғандарын және қандай мөлшерде алғанын көретін болады, ал Қор көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу кезінде осыны ескеретін болады», - деп спикер жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ, Қор басшысы пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысы бойынша сұрақтарды атап өтті.

«Азаматтардан шағым түскен кезде, олардың көпшілігін медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтері деңгейінде, осы бөлімшелерде жүйелі жұмыс болған кезде шешуге болатындығын байқаймыз.            Осыны ескере отырып, медициналық ұйымдармен бірлесіп ішкі аудит және пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысына жүйелі тәсілдер пысықталуда», - деп айтты А.Ашуев.

Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына тікелей әсер ететін жалпы проблемаларды шешу үшін медициналық ұйымдардағы менеджмент деңгейін арттыруға, жергілікті атқарушы органдардың материалдық-техникалық базаны, медицина кадрларын жаңартуға қосымша қаражат тартуына жүйелі тәсілдер қажет.

«Бұл ретте, пациентке бағдарланған денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін Қор көрсетілетін медициналық қызметтерді қаржыландыру бөлігінде сапаны, қолжетімділікті арттыруды ынталандыратын және ұзақ мерзімді инвестицияларды қолдау тетіктерін енгізуді жоспарлап отыр», - деп сөзін қорытындылады Қор басшысы.


16.09.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
НА 11,7% СОКРАТИЛОСЬ КОЛИЧЕСТВО ЖАЛОБ ПАЦИЕНТОВ
ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды.
18.06.2025
КАК СТУДЕНТАМ ПОЛУЧИТЬ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО
СТУДЕНТТЕР САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?
Қазақстанда немесе шетелде күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді. Алайда, олардың сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі әртүрлі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында еске салды.
13.06.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА МАЙ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Біз осы жылдың мамыр айында МӘМС қаражаты есебінен жасалған 10 бірегей әрі күрделі операцияларды жинап шықтық.
12.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу