1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры карантиндік шараларға байланысты қазіргі шектеулерді ескере отырып, азаматтарға  медициналық қызметтерді қашықтықтан қалай алу керектігін түсіндірді.

Тар бейінді мамандaрдың кеңестері, телемедицина арқылы консультациялар, сондай-ақ рентгендік суретті қайта оқу, электрокардиограммаларды декодтау енді қашықтықтан қабылдау кезінде де қол жетімді.

Бұрын қашықтықтан кеңес беру созылмалы аурулары бар науқастарды (учаскелік жалпы практика дәрігері, терапевт, педиатр) динамикалық бақылау кезінде қолданылған. Қашықтықтан медициналық қызмет көрсетудің ерекшеліктері 2020 жылғы 17 шілдеден бастап күшіне енген Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексте (129-бап) айқындалған.

Заманауи технологиялар мен әртүрлі байланыс арналарының арқасында медициналық ұйымдар пациенттерге қашықтықтан қызмет көрсету мүмкіндігіне ие. Алдағы уақытта қашықтықтан көрсетілетін қызметтер тізімі кеңейтілетін болады.

Дәрігердің онлайн-кеңесін қалай алуға болады?

1. Өз емханаңыздың Call-орталығы арқылы немесе басқа байланыс арналары, мобильді қосымшалар арқылы дәрігердің кеңесіне жазылу (бар болса).

2. Кеңес беру күні мен уақытын таңдаңыз. Сонымен қатар, тар маманның қабылдауына жазылу үшін алдымен учаскелік дәрігерден жолдама алу керек, яғни ең алдымен терапевтке/ЖПД-ға қабылдау үшін өтініш беру керек.

3. Таңдалған байланыс арнасы арқылы маманнан белгіленген уақытта қоңырау (аудио немесе видео) күтіңіз.

«Дәрігерден кеңес алу үшін емханаға барудың қажеті жоқ. Ол науқас қай жерде болмасын, қашықтықтан қол жетімді. Бұл жағдайда дәрігер дәрі-дәрмектерге рецепт жаза алады. Аурухана парақтарын, зертханалық зерттеулердің тексерулердің нәтижелерін көруге болады. Яғни, осы қызметтерді алу үшін емханаға келудің қажеті жоқ», – деп ӘМСҚ-да атап өтілді.

Қорда түсіндірілгендей, қашықтықтан медициналық қызметтер диагностика, емдеу, медициналық оңалту және аурулар мен жарақаттардың алдын-алу, сандық технологиялар көмегімен зерттеулер мен бағалау үшін ұсынылады.

Бұл ретте учаскелік дәрігердің қашықтықтан кеңес беруі МСАК медициналық ұйымдарына жан басына шаққандағы норматив төлемі шеңберінде ТМККК тізбесіне, ал нақты көрсетілген қызметтер үшін (ТМККК бойынша қызмет көрсетілетін созылмалы, әлеуметтік мәні бар және инфекциялық аурулардан басқа) МӘМС шеңберінде тар бейінді мамандардың консультациялары кіреді.

Сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар Қорға Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы жүгіне алады.

17.08.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу