Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн-сервис арқылы жылдам тексеруге болатынын еске салып өтті.
Қордың ЖСН енгізіп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді білуге болатын жеке сервистері бар. Олардың қатарына келесілер жатады:
• msqory.kz ресми сайты – парақшаның ортасындағы «Сақтандыру мәртебесін тексеріңіз» жолағы арқылы;
• Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы – бас мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін тексеру» пәрмені арқылы;
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot – негізгі мәзірдегі «Сақтандыру мәртебесін анықтау» пәрмені арқылы.
Сондай-ақ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры екінші деңгейдегі банктермен және медициналық ақпараттық жүйелерді жеткізушілермен тиісті келісімдер жасай отырып, сақтандыру мәртебесін тексеру және жарналарды төлеу үшін сервистерді кеңейту бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндік келесідей мобильді қосымшаларда қолжетімді:
• Damumed
• Halyk (Халық банкі)
• BCC.KZ (ЦентрКредит банкі)
• Kaspi.kz (Kaspi Bank)
• Forte (Forte Bank)
• Freedom SuperApp (Фридом Банк Қазақстан)
• Bereke bank (Bereke Банк)
Сонымен қатар, egov.kz электрондық үкімет сайтында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу және аударымдардың және немесе жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі бар.

06.02.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды.
18.06.2025
СТУДЕНТТЕР САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?
Қазақстанда немесе шетелде күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді. Алайда, олардың сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі әртүрлі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында еске салды.
13.06.2025
2025 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Біз осы жылдың мамыр айында МӘМС қаражаты есебінен жасалған 10 бірегей әрі күрделі операцияларды жинап шықтық.
12.06.2025