АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРЛЕРІ ҚОР БАСШЫСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ЖҮГІНДІ
Әбілқайыр Сқақов өңірлерге жұмыс сапарын жалғастыруда. Алматы облысында ол емханалар мен ауруханалардың басшыларымен кездесіп, аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдарға барды.
Қонаев қаласында медицина қоғамдастығымен кездесу өтті. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы ауқымды деректерді өңдеу және талдау үшін биыл наурызда құрылған Ситуациялық-талдамалық орталығын медициналық көмек жеткізушілеріне таныстырды. Ситуациялық-талдамалық орталық сервисі 18 дерекқордан ақпарат жинайды және оларды ыңғайлы инфографикаға түсіреді. Қазір тіркелген халық санына, МӘМС жүйесіне азаматтарды тартуға, қаржыландыру көлеміне және көрсетілген медициналық қызметтер санына, сапа мониторингінің қорытындыларына, Қорға келіп түскен өтініштер статистикасына қатысты 500 көрсеткіші бар 1000-нан астам дашборд құрылды. Клиника басшыларын 11 бөлім бойынша ақпаратты жүктейтін Superset базасында арнайы әзірленген модуль – «Аймақ портреті» ерекше қызықтырды.

«Біз медициналық деректер бойынша ауруханамызда ситуациалық орталық әзірлеп жатырмыз. Егер Қор бізге қаржыландыру бойынша деректерді берсе, онда біз өзіміздің Сити орталығымыздағы барлық бағытты қамти алар едік. Сондықтан Талғар орталық аудандық ауруханасы базасында осындай ынтымақтастық бойынша пилоттық жобаны іске қосуды ұсынамыз», - деп ұсыныс білдірді Талғар орталық аудандық ауруханасының басшысы Оңғарсын Байұзақов.

Қор төрағасы қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз ету үшін аурухананың 1С бағдарламасы мен Қордың ақпараттық жүйесін біріктірген жағдайда медициналық ұйым басшысының идеясын қолдайтынын айтты.
Жиынға қатысушылар Қордың басқарма төрағасына өзекті сұрақтарын қойды. Көбі төмен тарифтер, бюджет шектеулері туралы тілге тиек етті. ID Senim R медицина орталығының директоры Нұржамал Алиярова өз мәселесімен бөлісті. 2022 жылы клиника қосымша сатып алу рәсімі кезінде жыл соңына дейін қалған кезеңге барабар стационарды алмастыратын көмек қызметтеріне мәлімделген сомадан 6 есе аз қаражат көлемін алды. Кейінгі жылдары олар сатып алу ережелеріне сәйкес өткен жылдардағы талдауларға сүйене отырып, қаржыландырудың бірдей мөлшерін бөледі. Бұл сома жеткіліксіз, сондықтан медициналық орталық ТМККК бойынша күндізгі стационар қызметін көрсете алмайды. Сондай-ақ, ол Қор басшысын МӘМС коды бойынша төмен тарифтерге және пациенттерді стационарға жіберу кезінде тексерулердің ауқымды тізбесіне байланысты лимиттерді асыра орындауға назар аударуын сұрады. Түйткілді мәселені шешуге көмектесуіңізді сұраймын», - деді клиника басшысы.

«Сіздің медициналық ұйымыңыз бойынша жағдайды қарастырайық. Филиал директоры Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаев сізді қабылдайды, деректерді талдайды», - деп уәде берді Қор төрағасы.

Ізінше Әбілқайыр Сқақов Қарасай клиникалық ауданаралық орталық аудандық ауруханасына барды. Ауруханада емханалар, перзентхана, стационар, инфекциялық бөлімше бар. Ауылдарда қызмет көрсету аумағында ғимараттардың жоқтығына, ескі медициналық автокөліктерге, қаржыландырудың жетіспеушілігіне қарамастан, мұнда төсек-орын қоры кеңейтіліп, жаңа профильдер – нейро-қан тамырлары, пульмонологиялық, эндокринологиялық, гастроэнторологиялық, іріңді хирургиялық және балалар нейрохирургиясы ашылды. Аймақ үшін жетістіктердің ішінен жаңа операция түрлерін, соның ішінде миға, жүрекке, қан тамырларына және т. б. енгізу болып табылады.

Қаскелең қаласындағы «Алат С» ЖШС жеке емханасына барған кезде консультациялық-диагностикалық қызметтердің 80%-ы клиника ішінде көрсетілетіні және 20%-ы ғана бірлесіп орындаушылар болып табылатыны белгілі болды (мысалы, КТ мен МРТ, себебі ол үшін қымбат жабдық қажет). Қор басшысы дәрігерлік кадрлармен 100 пайыз қамтылғандығын, терапевтік және педиатриялық учаскелердің жүктемесі бойынша норманың оң серпіні сақталғанын атап өтті.

«Көп нәрсе медициналық ұйымдардың ішіндегі менеджментке, бизнес-процестердің қалай құрылғанына, пациенттің бағыты қаншалықты ыңғайлы екеніне байланысты әрі пациенттерді қолдау қызметтері жағдайларды дер кезінде қарастыруы маңызды. Сол себепті табысты басқарудың жарқын үлгісін көргеніме қуаныштымын», - деп пікір білдірді Әбілқайыр Сқақов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қор басшысы Алматы қаласының медициналық ұйымдарына барды.

20.06.2024
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026