Халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы туралы көбірек хабардар болуы үшін МӘМС жүйесінде өзінің сақтандыру мәртебесін білуге мүмкіндік беретін құрал жасалды.
Бұл құралды еліміздің кез келген тұрғыны пайдалана алады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ Ақпараттық жүйелерді дамыту департаментінің директоры Айдар Айтуев арнайы плагиннің құрылғаны туралы айтып берді.

- Бұл плагинді құрудағы мақсат қандай, халыққа берер пайдасы бар ма?

- Функционалды тұрғыдан алғанда, құрал өте қарапайым. Арнайы ресурсқа кіріп, әр тұрғын өзінің ЖСН нөмірін енгізсе болды, сақтандыру мәртебесін біле алады. Бүгінгідей барлық адам гаджет қолданатын заманда, бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді. Егер «сақтандырылған» деген жауап келсе, онда алаңдамауға болады. Ал, егер жауап «сақтандырылмаған» болса, онда себебін анықтау керек. Мысалы, азаматтың «жалдамалы жұмысшы» деген мәртебесі бар және ол үшін төлемді жұмыс беруші жасайды. Жүйе арқылы жұмысшы өзі жұмыс істейтін ұйым ол үшін медсақтандыруға төлем жасап отырғанын немесе төлемнің жасалмай жатқанын анықтай алады.

- Еліміздің әрбір тұрғыны өзінің сақтандыру мәртебесін не үшін қадағалап отыруы керек?

- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі басталады. Осы уақытқа дейін барлығымыз МӘМС жүйесі аясында сақтандыру мәртебемізді анықтап алуымыз керек. Мысалы, адамға қандай да бір сырқат бойынша диагноз қойылды және оған медициналық көмек қажет болды. Егер ол сақтандырылмаған болса, онда бұл адамға құрамына учаскелік дәрігер, жедел көмек, шұғыл стационарлық көмек, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері кіретін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) қолжетімді болады. Ал, МӘМС пакеті бойынша берілетін медициналық көмек түрлері тек сақтандырылған азаматтарға ғана қолжетімді. Осылайша, егер сіз МӘМС жүйесінде өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді анық білсеңіз, 2020 жылдан бастап өзіңізге қажетті барлық медициналық қызметтер спектрін ала аласыз.

- Бұл құралды пайдалану үшін қай жерде қолжетімді болмақ?

- Плагин әмбебап форматта жасалған. Ол кез келген сайтқа тіркеуге ыңғайлы. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, бұл мәселеге қызығушылық танытқан барлық сайт иегерлеріне айтарым: егер сіздер өздеріңіздің ресурстарыңызда плагинді орнатқыларыңыз келсе, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» КЕАҚ-на өтініш жаза аласыздар.

Байланыс e-mail: p.andreev@fms.kz. Плагинді көрнекті зерттеу үшін «МСҚ» КЕАҚ-ның www.fms.kz ресми сайтын ашу керек.

03.10.2019
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
НА 11,7% СОКРАТИЛОСЬ КОЛИЧЕСТВО ЖАЛОБ ПАЦИЕНТОВ
ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды.
18.06.2025
КАК СТУДЕНТАМ ПОЛУЧИТЬ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО
СТУДЕНТТЕР САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?
Қазақстанда немесе шетелде күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді. Алайда, олардың сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі әртүрлі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында еске салды.
13.06.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА МАЙ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Біз осы жылдың мамыр айында МӘМС қаражаты есебінен жасалған 10 бірегей әрі күрделі операцияларды жинап шықтық.
12.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу