1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

   «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі – Қор) Жоғары аудиторлық палатаның 2023 жылғы 1 ақпандағы тапсырмасының аясында «ӘМСҚ» КЕАҚ активтерін басқару тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындылары бойынша Қордың ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді қаржыландыру көздерін қалыптастыру тәртібін заңнама нормаларына сәйкес келтіретінін хабарлайды.
   Осылайша, бұрын көрсетілген медициналық қызметтерді есепке алудың ақпараттық жүйелері пациенттің бастапқы енгізілген диагнозын түпкілікті диагнозға өзгерте алмайтындығына байланысты (соған сәйкес медициналық қызметтер көрсетілген), медициналық ұйымдар қаржыландыру көздерін дұрыс анықтамаған: яғни, МӘМС пакетінен ТМККК-ға және кері қарай ақша қаражатының «ағындары» орын алды.
   Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палатаның тапсырмасын орындау, ТМККК бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын арттыруға да, жалпы МӘМС жүйесін дамытуды ынталандыруға да бағытталған. Бұл ретте Қор МӘМС жүйесінің соңғы 2 жыл ішінде өзінің белсенді кезеңіне енгенін және жаңа жүйелік шешімдер қабылдауда екенін ескереді. Осыған орай Қор ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, Қормен баламалы шешімдер әзірлегенге дейін осы нұсқауды орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Жоғарғы аудиторлық палатаға сұрау дайындады.

31.03.2023
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу