Артқа
Артқа

ҚОР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА АУДИТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БІРҚАТАР ШАРА ҚАБЫЛДАДЫ

Қор бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі, сондай-ақ бірқатар лауазымды тұлғаны жауапкершілікке тартты. Жоғары аудиторлық палата 2024 жылдың алғашқы бес айында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ әрі оның төрт филиалының 2022-2023 жылдардағы қызметін тексерді. Тексеру 3,8 трлн теңге мен 770 млн-нан астам медициналық қызметті қамтыды.

Аудит барысында Палата жалпы сомасы 55,8 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылықтарды анықтады. Бұл сома аудит шарасы барысында қайтарылды. Жоғары аудиторлық палата қорытындысында көрсетілген бұзушылықтар негізінен процедуралық сипатта болып, жүйелі кемшіліктер болып табылады.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Қорға бірнеше ұсыныс берілді. Қордың директорлар кеңесі Жоғары аудиторлық палата ұсыныстарын қарастырып, бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.
Осылайша, қазіргі уақытта Қор медициналық қызмет жеткізушілерімен ұзақмерзімді келісімшарт жасау тәжірибесін енгізуде, сатып алу науқаны басталар алдында медициналық ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкестігі алғаш рет тексеріле бастады.

Сонымен қатар, Қор деректерді талдау және басқарушылық шешімдерді уақтылы қабылдау үшін Ситуациялық-ахуалдық орталықты іске қосты. Медициналық қызметтер сапасын бақылау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін енгізуде және басқа да шараларды қолға алуда.

Бұдан бөлек, Қордың директорлар кеңесі лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастырды. Аудит қорытындысы бойынша Қордың орталық аппараты мен филиалдарының 12 басшысы тәртіптік жазаға тартылды.
18.10.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
НА 11,7% СОКРАТИЛОСЬ КОЛИЧЕСТВО ЖАЛОБ ПАЦИЕНТОВ
ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ШАҒЫМДАРЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халық тарапынан МӘМС жүйесіндегі медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы баяндалды.
18.06.2025
КАК СТУДЕНТАМ ПОЛУЧИТЬ СТАТУС ЗАСТРАХОВАННОГО
СТУДЕНТТЕР САҚТАНДЫРЫЛҒАН МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?
Қазақстанда немесе шетелде күндізгі бөлімде оқитын студенттер жеңілдік санатына кіреді. Алайда, олардың сақтандырылған мәртебесін алу алгоритмі әртүрлі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында еске салды.
13.06.2025
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА МАЙ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Біз осы жылдың мамыр айында МӘМС қаражаты есебінен жасалған 10 бірегей әрі күрделі операцияларды жинап шықтық.
12.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу