Артқа
Артқа

МСҚ медициналық қызметтің, соның ішінде жедел жәрдем ақысын толық әрі дер кезінде төлеп отыр

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа қызмет көрсеткен отандық жедел жәрдем станцияларына 22,4 млрд теңге төледі.

Биыл кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде жедел жәрдем станцияларымен 31,5 млрд теңгенің келісімшарты бекітілген болатын. 1 қазанға дейін көрсетілген соманың 71 пайызы төленіп болды.

Атап айтар болсақ, Қор Батыс Қазақстан облысындағы «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК-мен 953,4 млн теңгеге келісімшарт бекіткен. 2018 жылы 1 қазанға дейін аталған ұйымға 806 млн теңге аударылды (жалпы соманың 84,5 пайызы).  Оның ішінде әдетте ұсталып қалатын аванс та бар.

 «Көрсетілген қызмет ақысы бекітілген келісім талаптарына сай: қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер талабы бойынша, тиісті мерзімде төленеді. Жұмысшыларға жалақыны дер кезінде төлеу мәселесі – әрбір жедел жәрдем ұйымының ішкі ісі және басшылық пен меншік иесінің құзыретіндегі шаруа», - деді МСҚ басқарма төрағасы міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жүйесін реформалауға кіріскен болатын. Аталған реформа бойынша жеделдігі жағынан 4-ші санатқа жататын шақыртулар жергілікті емханаларға беріледі. Нәтижесінде қаржылық және өзге де ресурстар емханалар мен жедел жәрдем станциялары арасында қайта бөліске түседі. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем станцияларының меншік иесі болып табылатын аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының өтініші бойынша жедел жәрдем қызметінің тарифтерін көтеріп, жылдық бюджетті бөлу схемасын өзгерту туралы шешім қабылдаған болатын. Қаражат биылғы жылдан бастап бөліне бастамақ.

Қазіргі таңда Денсаулық сақтау министрлігі аталған шешімдерді заңдастырып жатыр. Қосымша қаражат барлық нормативтік-құқықтық актілер өкілетті орган тарапынан бекітілгеннен кейін бөлінетін болады.

 «Медициналық сақтандыру қоры жағдай реттелгенше авансты ұстамай, қаржыны толық төлеу туралы шешім қабылдады» - деді Б.Жақселекова.

Қор тегін медициналық көмек пакетінің операторы ретінде тиісті шешімдер қабылданғанға дейін медициналық қызметтерді Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тарифтер бойынша сатып алуды жалғастырады. Сонымен қатар, Қор медицина ұйымдарының ішкі қаржылық мәселелеріне, соның ішінде жалақы мәселесіне араласа алмайды.

11.10.2018
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА ЯНВАРЬ 2025 ГОДА
2025 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Қазақстандық дәрігерлер кәсібиліктің жоғары деңгейін дәлелдей отырып, күрделі хирургиялық операцияларды сәтті жүргізіп, заманауи медициналық технологияларды қолдануда. Елдің әртүрлі өңірлерінде ісікті алып тастау, омыртқадағы ісікті «цементтеу», сіңірді қалпына келтіру және бала жүрегіне жасалатын операция сияқты бірегей оталар жасалуда.
11.02.2025
КАК БЫСТРО ПРОВЕРИТЬ СТАТУС В ОСМС
МӘМС-ТЕГІ МӘРТЕБЕНІ ҚАЛАЙ ЖЫЛДАМ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ
Медициналық көмек алу туралы сұрақтар бойынша 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болатыны белгілі. Келіп түсетін өтініштердің бір бөлігі МӘМС жүйесіндегі мәртебені нақтылауға қатысты. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағылар оператордың жауабын күтуге уақыт жоғалтпай, мәртебені онлайн-сервис арқылы жылдам тексеруге болатынын еске салып өтті.
06.02.2025
СКОЛЬКО ПОСТАВЩИКОВ БУДЕТ ОКАЗЫВАТЬ МЕДУСЛУГИ В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ ҚАНША МЕДҰЙЫМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ағымдағы жылға сатып алу қорытындылары жарияланды.
31.01.2025
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу