Артқа
Артқа

«МӘМС: Қазақстандағы медицинаның трансформациясы» форумы Нұр-Сұлтан қаласында өтеді

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың іске қосылуына екі аптаға жетпейтін уақыт қалды. Соңғы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін осы маңызды реформаға дайындау бойынша жан-жақты жұмыс жүргізілуде. Отандық медицинада МӘМС шешуге мүмкіндік беретін бірқатар мәселе бар. Жобаны іске асыру кезеңдерінде туындауы мүмкін тәуекелдер де бар.

Денсаулық сақтау сарапшылары еліміздің 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘМС іске қосуға әзірлігі мәселелерін 24 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында «МӘМС: Қазақстандық медицинаны түрлендіру» республикалық форумында талқылайды. Оны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Казмедиа Орталығында» өткізеді.

Форумға Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қатысады. Спикерлердің бірі ретінде шетелдік қонақ келеді, ол басқа елдердегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру тәжірибесімен бөлісетін болады. Сондай-ақ қазақстандық сарапшылар, пікір білдіру дидерлері, атақты қайраткерлер сөз сөйлейді.

«Форум МӘМС іске асыруға қатысатын құрылымдар, медицина қызметкерлері, бизнес өкілдері бүгінгі таңда өзекті болып табылатын тақырыптарды талқылай алатын, жаңа байланыстарды жолға қоятын, әріптестермен тәжірибесімен, өздерінің жекелеген мәселелер бойынша көзқарасын бөлісе алатын диалог алаңы болады. Осы оқиға МӘМС-ті іске қосу қарсаңында біздің күш-жігерімізді біріктіреді деп сенеміз», – деп атап өтті Қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов.

БАҚ форумға қатысу және жариялау үшін шақырамыз. Аккредитация 23 желтоқсанға 14.00 сағатқа дейін ашық.

Журналистерді аккредитациялау үшін «Форумға аккредитация» белгісі бар хатты мына электрондық мекенжайға жіберуді сұраймыз pr@fms.kz , онда ТАӘ, БАҚ атауы және лауазымы, туған күні, ЖСН, жеке куәлігінің нөмірі, сондай-ақ техниканың атауы және саны, моделі, мүкаммалдық және сериялық нөмірі көрсетіледі. Деректер «Казмедиа Орталығына» материалдық рұқсаттамаларға тапсырыс беру үшін қажет.

Қатысушыларды тіркеу 24 желтоқсанда 9.00 мен 9.30 арадығында жүргізіледі.

19.12.2019
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
УТВЕРЖДЕН ДОГОВОР ПРИСОЕДИНЕНИЯ В НОВОЙ РЕДАКЦИИ
ӨЗГЕРТІЛГЕН ЖАҢА ҚОСЫЛУ ШАРТЫ БЕКІТІЛДІ
Бұл шарт 2025 жылғы 3 қаңтардан бастап медициналық қызметтер берушілер үшін міндетті болады.
09.12.2024
БОЛЕЕ 140 ТЫСЯЧ ТЕНГЕ ПРИХОДИТСЯ НА МЕДУСЛУГИ ОДНОГО КАЗАХСТАНЦА
БІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ 140 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ТИЕСІЛІ
Желтоқсан айының 5-7 күндері «ДДСҰ» қазақстандық медициналық университеті ұйымдастырған «Global Health» халықаралық конгресі өтуде. ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова түрлі елдерден келген әріптестерінің алдында ҚР МӘМС жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы баяндама жасады.
06.12.2024
О ЧЕМ ГОВОРИЛИ НА ЗАСЕДАНИИ ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНОГО СОВЕТА ФСМС
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНДА НЕ АЙТЫЛДЫ
2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу нәтижесінде халықты МӘМС жүйесімен қамту деңгейі 2023 жылмен салыстырғанда 340 мыңнан астам адамға артты. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жанындағы Қоғамдық-консультативтік кеңестің жетінші отырысында айтылды.
05.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу