Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Ресей мен Өзбекстандағы осындай қорлардың басшыларымен кездесулер өткізді. Шетелдік әріптестер ҚР-да ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмек сатып алуды ұйымдастыру тәжірибесімен танысты.

 

Қазақстандық әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Ресей Федерациясының Федералды міндетті медициналық сақтандыру қорының өкілдері арасында онлайн-кездесу өтті. Кездесуде қазақстандық тараптың атынан Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айдын Ашуев және ӘМСҚ құрылымдық бөлімшелерінің директорлары қатысты. Ресей тарапынан кездесуге РФ ӘМСҚ төрағасы Илья Баланин және оның орынбасарлары Светлана Кравчук, Ольга Царева, Ирина Соколова қатысты.

Илья Баланин ресейлік тарап медициналық қызметтерді сатып алу, тарифтеу және жеткізушілердің өз міндеттемелерін орындауын бақылау бойынша бизнес-процестерді ұйымдастыру бөлігінде тәжірибе алмасуға ықыласты екенін атап өтті.

Өз кезегінде ҚР ӘМСҚ өкілдері стратегиялық жоспарлау, медициналық қызметтерді сатып алу және Қордың медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы ретіндегі рөлін күшейту бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Ресейлік әріптестердің барлық сұрақтарына ӘМСҚ өкілдері егжей-тегжейлі жауап берді, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу, тариф белгілеу және кең ауқымды медициналық көмек алу үшін халықты жүйеге барынша тарта отырып, МӘМС жүйесін жетілдіру кезіндегі ықтимал тәуекелдерді жою жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

Илья Баланин ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша ресейлік тәжірибемен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді және Қазақстан қорындағы әріптестерін Ресей Федерациясында 30 жылдай жұмыс істеп келе жатқан міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Ресей Федерациясына шақырды.

Қорытындылай келе ӘМСҚ басшысы Айдын Ашуев ынтымақтастыққа дайын екендігін мәлімдеді және әріптестерінің шақыруларына алғысын білдірді. Тараптар міндетті сақтандыру жүйесін дамыту мәселелерін шешу үшін осындай форматта тұрақты кездесулер өткізіп тұруға келісті.

Сондай-ақ бұл күні ӘМСҚ басқарма төрағасы Айдын Ашуев пен Өзбекстан Республикасы мемлекеттік медициналық сақтандыру қоры атқарушы директорының бірінші орынбасары Зохид Эрматов арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық көмекті сатып алу, оның ішінде медициналық сақтандыру шеңберінде ЭКҰ рәсімі үшін шығыстарды өтеу мәселелерінде өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Өзбекстаннан келген қонақтар ӘМСҚ қызметінің барлық бағыттары бойынша Қазақстанның тәжірибесімен танысуға мүдделі екендіктерін атап өтті.

Қордың басқарма төрағасы Айдын Ашуев Қазақстан үшін басқа мемлекеттердегі осындай қорлармен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтіп, тәжірибе алмасуға дайын екенін айтты.

Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында меморандум жасауға келісті.

Айта кетейік, Өзбекстан ММСҚ Президенттің 2020 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысына сәйкес құрылған.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық МӘМС моделі әлеуметтік болып табылады: мемлекет жеңілдікті санаттағы 11 млн азамат үшін жарна төлейді. Сондай-ақ, жүйе ынтымақтастық және тең қол жетімділік қағидаттарына негізделген, яғни кез келген сақтандырылған азамат жарналардың мөлшеріне қарамастан денсаулық көрсеткіштері бойынша өзіне қажетті медициналық көмекті ала алады.

14.11.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу