Артқа
Артқа

Медициналық сақтандыру қоры 1-жартыжылдықта халықтан 470 мыңнан астам өтініш қабылдап, өңдеді

Күрделі эпидемиологиялық жағдай пациенттерден Медициналық сақтандыру қорына түскен өтініштер мен шағымдардың санына әсер етті. ӘМСҚ-ның ресми кері байланыс арналарына ағымдағы жылдың 6 айында 474 708 өтініш келіп түсті, олардың басым бөлігі түсіндірулер мен консультацияларға қатысты.

 

ӘМСҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департаментінің деректері бойынша көрсетілген кезеңде 455 мыңнан астам сұрақ алынды, оның ішінде 236 мыңы медициналық сақтандыруға жарналарды төлеу тәсілдеріне, 47 мыңнан астамы МӘМС жүйесіне қатысуға қатысты, қалғандары жеңілдікті санатқа енгізу және сақтандырылу мәртебесін айқындау мәселелері жатады.

Нұр-Сұлтан (100 мың тұрғынға 727,5), Алматы (100 мың тұрғынға 375,1), Шымкент (100 мың тұрғынға 162,1) қалаларының тұрғындарынан сұрақтар басым болады.

2021 жылдың 1- жартыжылдығында халықтан барлығы 6552 өтініш түсті. Шағымдардың ТОП-5-ін медициналық көмек көрсетуден бас тарту (28%), көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы (26,3%),ақпараттық жүйелерде нақты көрсетілмеген қызметтерді анықтау (10,5%), медициналық көмекті ұзақ күту (7%), дәрілік препараттармен қамтамасыз етуден бас тарту (6,6%) мәселелері құрайды.

Айта кету керек, коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі кезеңінде Қордың жеткізуші-медициналық ұйымдарында жоспарлы көмектің сапасы мен қолжетімділігіне халықтың шағымының өсуі байқалады. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында Қорға 2599 шағым түссе, 2 тоқсанда Қор қызметкерлері халықтан 4056 шағымды өңдеді.

Сонымен қатар, егер медициналық ұйымда қызмет көрсету кезінде түсінік таба алмасаңыз, пациент ретінде өз құқығыңызды қорғау үшін қайда жүгіну керектігін еске салғымыз келеді.

Ең алдымен медициналық ұйымның орнына, Пациентті қолдау қызметіне және ішкі сараптамаға жүгіну керек. Ол медициналық қызмет көрсетуді, олардың толықтығын және стандарттарға сәйкестігін бақылау үшін құрылған. Бұл қызмет медициналық ұйымның медициналық көмек көрсетуі мен клиникалық қызметіне ішкі талдау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен тәртібінің бұзылуын анықтайды. Ол сондай-ақ азаматтардың өтініштерін, пациенттердің шағымдарын қараумен айналысады.

"Медициналық ұйымдар пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметтерінің жұмысын реттеп, бекітілген халықтың қажеттіліктеріне жауап беруі керек.Бүгінгі таңда пациенттер өз медициналық ұйымдарында тиісті көңіл бөлмей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне отырып, өз құқықтарын қорғауды іздеуге мәжбүр", - деп атап өтті ӘМСҚ жеке және заңды ұйымдармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Забира Оразалиева. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кеңес алуға немесе шағым қалдыруға болатын бірнеше кері байланыс арналары бар.

Шағымдар мен өтініштердің ең көп саны 8.00-ден 20.00-ге дейін қоңырау қабылдайтын 1406 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы түседі. Бірінші жартыжылдықта 1406 желісіне 389 мыңнан астам сұрақтар мен шағымдар келіп түсті. Өтініштер санаты мен күрделілігіне қарай ақпаратты өңдеудің үш деңгейлі моделі бойынша қаралады және бөлінеді.

Бірінші деңгейге консультативтік сипаттағы мәселелер жатады. Екінші және үшіншіге егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер кіреді. Қордың мамандары медициналық ұйыммен байланысады, ақпарат сұратады, медициналық көмек көрсетуді немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.

Халық арасында қормен келесі танымал байланыс арнасы Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы (PlayMarket және AppStore-да орнатуға болады). Мұнда құжаттар қоса берілген мәтіндік форматтағы өтініштер жолданады. Әрі қарай өтінішке реттік нөмір беріледі, содан кейін өңдеу мәртебесі бақыланады. 1- жарты жыл ішінде Қор мамандары мобильді қосымша арқылы 82 мыңнан астам өтінішті өңдеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтына сіз сондай-ақ сұрақтар, шағымдар мен ұсыныстарды жібере аласыз. Сайттың басты бетінде баннерлер орналастырылған, олардан өтіп, өз өтінішіңізді қалдыра аласыз. Сайттың көмегімен 6 айда 2,5 мыңға жуық адам өз сұрақтарына жауап алды.

Өтініш берудің тағы бір мүмкіндігі Telegram-да Saqtandyrybot арқылы қарастырылған. "Негізгі мәзір" пәрменін басқаннан кейін таңдау үшін бірнеше бөлім бар. "1406-ға өтініш жіберу" таңдаңыз. Өтініш бот командаларына сәйкес беріледі, онда өңір, медициналық ұйымның атауы және мәселенің мәні көрсетіледі.

Қор тарапынан халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жақсарту үшін жеткізушілерді ынталандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары МӘМС пакетінде және мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек көлемі бойынша жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда.

24.08.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ЗАКЛЮЧЕНИЕ ДОЛГОСРОЧНЫХ ДОГОВОРОВ С ФСМС: УСЛОВИЯ ДЛЯ ПОСТАВЩИКОВ
ӘМСҚ-МЕН ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ШАРТТАР ЖАСАСУ: ҚЫЗМЕТТЕР БЕРУШІЛЕР ҮШІН ШАРТТАР
29 қарашадан бастап ұзақ мерзімді сатып алу шарттарын жасасу үшін тиісті денсаулық сақтау субъектілерін айқындауға өтінімдер қабылдау басталды.
29.11.2024
СТАРТУЕТ ЗАКУП МЕДПОМОЩИ НА 2025 ГОД
2025 ЖЫЛҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ САТЫП АЛУ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ
Қорда 27 қарашадан бастап 2025 жылға арналған медициналық қызметтер көлемін орналастыруға өтінімдерді қабылдау басталғанын және сатып алу рәсімдеріндегі жаңашылдықтарды хабарлады.
27.11.2024
МЕСЯЦ В МЕСЯЦ: В ФСМС ОТЧИТАЛИСЬ ПО ФИНАНСИРОВАНИЮ МЕДПОМОЩИ
ӘМСҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ЕСЕП БЕРДІ
2024 жылы Қор медициналық ұйымдарға шамамен 2,1 трлн теңге төледі. Бұл биылғы медициналық көмекті қаржыландырудың жалпы көлемінің 79%-ын құрайды.
21.11.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу