1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Алматы тұрғыны Евгений Мұхамеджанов электронды үкімет порталында өзінің карантиндік стационарға жатып-шыққаны туралы мәліметті көріп, Фейсбук әлеуметтік желісінде пост жариялаған болатын (https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1206848456412722&id=100012627365750). Айтуынша, азамат жұбайы екеуі ковидпен ауырмаған және 2021 жылдың қаңтар айында ешбір ем қабылдамаған.

Медициналық сақтандыру қоры аталған шағым негізінде жан-жақты сараптама жүргізді.

Ақпараттық жүйелердегі дерекке сүйенсек, 24-қаңтарда шетелден келген Евгений Мұқамеджанов пен оның жұбайы «Астана Интер Отель» қонақ үйіне орналастырылып, COVID-19 инфекциясына тест тапсырған.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылы 23-қазандағы қаулысы бойынша, шетелден келген азаматтар COVID-19 инфекциясына ПЦР-анализ тапсырмаған болса, 2 тәулікке дейін карантиндік стационарға жатқызылуы тиіс. Мұқамеджановтар да осы тәртіп бойынша карантинге жатқызылған, бұл қызмет ақпараттық жүйеге «Ауруға күдік туындауына байланысты бақылау жүргізу» деген атаумен енгізілген.

«Астана Интер Отель» қонақ үйі COVID-19 жұқтырған және коронавирустың алдын алуға қатысатын денсаулық сақтау нысандары мен медициналық емес ұйымдар тізіміне енген. Бұған «Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасы мен Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Алматы департаменті арасындағы келісім негіз болып отыр.

Медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, COVID-19 инфекциясын емдеу, алдын-алу шараларының ақысы жұқпалы аурулар профилі бойынша лицензиясы бар емдеу мекемелрі арқылы төленеді. Сондықтан аталған азаматқа көрсетілген қызмет «Изатима Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» арқылы төленген.

Сараптама барысында шағымданушының карантиндік стационарға жатқызылғаны расталды. Оған қоса, шетелден оралған азаматтарды орналастырумен айналысқан медицина ұйымы тиісті деректерді ақпараттық жүйеге кеш енгізген. Бұл мәселе Қоғамдық денсаулық басқармасына хабарланды, алдағы уақытта жауапты мамандарға шара қолданылуы тиіс.

Естеріңізге сала кетсек, клиникалар медициналық қызмет көрсетілді деп жалған ақпар тіркеген жағдайда Қордың 1406 бірыңғай байланыс орталығы мен Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы шағымдануға болады.

2020 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша 1,2 миллионнан аса кемшілікті анықтағаны туралы хабарланғанын еске саламыз.

Мониторинг көрсеткендей, ең көп таралған бұзушылық (60%) - бұл көмек көлемінің жасанды өсуі. Келесі кезекте – есеп құжаттарын қате толтыру – бұл барлық жайттың 15%-ы, ал емдеу және диагностика шараларын орындау барысында стандарттар мен клиникалық протоколдардан негізсіз ауытқу – 9,6%. Сондай-ақ, науқастардың диагнозын жасанды қиындату, ауруханаға жатқызбау немесе медициналық көмек көрсетпеу, қызметтер мен дәрі-дәрмектерді "берілді" деп жалған толтыру жайттары кездеседі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша ӘСМҚ 21 мыңнан астам қызметтің шын мәнінде орындалмағанын анықтады, олардың жалпы құны 290,9 млн теңгеге (экономикалық шараларды ескергенде) жетеді. Оның ішінде амбулаториялық-поликлиникалық көмек, кеңес беру және диагностика қызметтері деңгейінде - 167 млн теңге сомаға 20 122 кемшілік.

Биыл Қор сапаны бақылау жүйесіне өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Медициналық қызметтерді көрсету тәртібі мен пациенттердің құқығын бұзуға әкеп соғатын жағдайлар мен себептерді анықтау және алдын алуға бағытталған проактивті мониторинг енгізіледі.

29.03.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу