1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Қазақстанда COVID-19 қарсы күреске қатысқан 53 мың медицина қызметкеріне маусым айы үшін үстеме ақы төленуде.

Үстеме ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен   Медициналық сақтандыру қорына 35,7 млрд теңге бөлінді. Қор қаржы операторы ретінде медицина қызметкерлерінің  наурыздан маусым айы аралығында жалақысына қосымша 32 млрд астам теңге төледі.

Медициналық сақтандыру қоры  қауіпті жағдайда жұмыс істейтін дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің саны ай сайын артып келе жатқанын хабарлады. Егер наурыз айында үстеме ақыны 19 мыңнан астам қызметкер алса, мамыр айында олардың саны 40 мың адамға дейін өсті. Енді  ӘМСҚ маусым айына төлем жасайды.

Коронавирус бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін ынталандыру және көтермелеу үшін жалақыға үстеме ақы қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен тәуекел топтар, алушылардың тізімін қалыптастыру тәртібі және төлемдер мөлшері анықталды. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне  212 мың теңгеден (5 АЕК) 850 мың теңгеге дейін (20 АЕК) қосымша ақы берілді.

      Естеріңізге сала кетейік, үстеме ақы алушылар тізімін жедел штаб жанынан құрылған өңірлік комиссия жасақтайды. Комиссия төрағасы әкімдердің орынбасарлары, сондай-ақ, оның  құрамына Медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірлік мемлекеттік бас санитарлық дәрігер, Денсаулық сақтау басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

Ал, Медициналық сақтандыру қоры тізім бойынша деректердің  Денсаулық сақтау министрінің "COVID-19 коронавируспен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудағы  кейбір мәселелер туралы" бұйрығына сәйкестігін тексереді.

Егер медициналық қызметкерлерінде үстеме ақыға қатысты сұрақтар туындаса,  өңірлік комиссияға жүгінуі қажет.

Коронавируқа шалдыққан  медицина қызметкерлеріне қосымша қаржыны  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі   өңірлік комиссия  шешімі негізіндегі   Денсаулық сақтау басқармаларының өтініші бойныша төлейді.

21.07.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу