Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирус пен  пневмонияға шалдыққан  науқастарды емдеу үшін наурыз-маусым аралығында еліміздің стационарларына 842 мың төсек-күнге  8,6 млрд теңге төледі, деп хабарлайды "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Баспасөз қызметі.

Айта кету керек, наурыз айымен салыстырғанда  маусымда төсек-күннің жалпы саны 8 есеге, жұқпалы ауруларға   – 26 есеге артты. Осы кезеңде карантиндік стационарларға 327 мың төсек-күн, жұқпалы аурулар үшін 270 мың төсек-күнге қаржы төленді.

Маусым айында наурыз айымен салыстырғанда провизиялық стационарларда төсек-күн саны айтарлықтай өсті: наурыз айында 21 мыңнан маусым айында 100 мың төсек-күнге дейін.

Төсек-күнге пациенттің стационарда орны, аурудың диагностикасы мен емі кіреді.

Қазір  денсаулық сақтау жүйесінде төсек қорын ұлғайту қажет. Қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін Қор шілде айында медициналық ұйымдарға тарифті көтерді .

Енді Қор  провизорлық стационарға  1 төсек-күн үшін   21,9 мыңнан астам теңге төлейді; тәулік бойы стационарға  – 32,2 мыңнан астам  теңге; науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – 1 төсек-күн үшін 70 мың теңгеге жуық бөледі.

Медициналық сақтандыру қорында аталған қызметтерге тарифтің артуы Қор жеткізушілерінің санын көбейтуге, коронавирус пен пневмонияға шалдыққан  науқастарды емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға және стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 304 инфекциялық/провизорлық стационармен орындау/бірлесіп орындау шарттарын жасасты.Осы жылдың  30 маусымынан  төсек саны 28 796-дан 47 455-ке дейін артты,  18 659 төсек (64,7%)  қосылды. Төсек қорының  70% бос емес. Covid 19 емдеуге тартылған стационарлардағы орындарға күн сайын  мониторинг жүргізіледі. Бұл көрсеткіш жергілікті атқарушы органдардың  жұмысының индикаторы болып табылады. Өңірдегі кереует қорының 70 пайызы бос емес, резервтен қосымша кереует ашу бойынша шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, № 10 Клиникалық Хаттамаға, 2020 жылғы 4 шілдедегі № 104 басылымға сәйкес, аурудың асимптоматикалық және жеңіл түрі бар науқастарды тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханалардың учаскелік дәрігерлері бақылайды.

Стационарлық емге Covid-19 шалдыққан орташа ауыр және  ауыр жағдайдағы пациенттер ғана жатқызылады.

Сондай-ақ, амбулаториялық деңгейде медициналық көмекке қол жеткізу мақсатында емханалар жанында мобильді бригадалар құрылды, олар үйде медициналық қызметтер кешенін көрсетеді ( дәрігерді қарау, ем тағайындау, рецепт жазу, манипуляциялар жүргізу және т.б.). Сондай-ақ, үйде стационарлық қызмет  ұйымдастыру да қарастырылған.

20.07.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу