Артқа
Артқа

МСҚ медицина ұйымдарына 630 млрд теңге төледі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы  жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 630 млрд теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді.  

«2019 жылы 19 тамызындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 630 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 71 проценті», - деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 889 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 процент артық.  

 «Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр», - деді Ботагөз Жақселекова.

Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 1416 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 708 жеке меншік клиника да бар. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 64-ке артқан.  

Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

19.08.2019
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАЗАХСТАНСКАЯ ДЕЛЕГАЦИЯ ФСМС ПОСЕТИЛА РОССИЙСКИЙ ФОМС ДЛЯ ИЗУЧЕНИЯ ОПЫТА
ҚР ӘМСҚ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ РЕСЕЙДІҢ ММСҚ-НА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ МАҚСАТЫНДА БАРДЫ
Жұмыс сапары барысында Ресейдегі міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі тарифтік саясат, медициналық ұйымдардың жұмыс нәтижелілігін бағалау әдістемесі және жүйенің цифрландырылуы зерттелді.
13.12.2024
81% ГОДОВОГО ОБЪЕМА ФИНАНСИРОВАНИЯ ВЫПЛАТИЛ ФСМС  МЕДОРГАНИЗАЦИЯМ
ӘМСҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ЖЫЛДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЛЕМІНІҢ 81%-ЫН ТӨЛЕДІ
12 желтоқсандағы жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры клиникаларға 2 трлн 298 млрд теңге төлем жасады. Қазіргі уақытта қараша айы бойынша есеп айырысу жүргізілуде.
13.12.2024
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА НОЯБРЬ 2024 ГОДА
2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Қазақстандық дәрігерлер заманауи технологияларды қолдана отырып, пациенттердің өмірін сақтап қалу жолында жоғары кәсібилік көрсетуде.
11.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу