1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Елена Бахмутова басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті.

«Бүгінде Қор медициналық қызметтердің стратегиялық сатып алушысы ретінде қалыптасты. Халыққа көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оның көлемі мен сапасына мониторинг жасау, МӘМС жарналарын жинау және басқару процесстері жолға қойылды. Қор қызметін реттейтін негізгі база жасалды. Қорда кәсіби біліктілігі жоғары команда жасақталды. Алдағы уақытта олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде қызмет көрсетуді бастау жұмыстарын жетілдіруді жалғастырады», - деді атқарған қызмет нәтижесін қорытқан Е.Бахмутова.

Е.Бахмутова Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының жалпы жиыны шешімімен аталған ұйым Кеңесіне төраға болып сайланды. Қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің жаңа құрамы 24 тамыз күні өткен жиында жасақталған болатын.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен МСҚ басқарма төрағасы міндетін атқару Қор басшысының орынбасары Ботагөз Жақселековаға жүктелді. МСҚ-ның жалғыз акционері тарапынан қабылданған бұйрық қол қойылған күннен, яғни, 2018 жылдың 24 тамызынан бастап күшіне енді.

24.08.2018
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу