1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
ЕДИНЫЙ ПАКЕТ И НОВЫЕ ПРАВИЛА ОСМС: ЧТО ИЗМЕНИТСЯ ДЛЯ ГРАЖДАН
Медициналық көмектің Бірыңғай пакетін құру, МӘМС жүйесінің қамту аясын кеңейту, жарналарды әділ қайта бөлу және әлеуметтік қолдауды күшейту — осы және басқа да шаралар денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды реформаның негізі болып табылады. ДСМ МӘМС жүйесін жетілдіру және талдау департаментінің директоры Ләззат Шоманова «МӘМС туралы» Заңға енгізілген маңызды өзгерістер жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді. Бірыңғай пакет: пациент үшін таптырмас мүмкіндік Негізгі өзгерістердің бірі — бюджет мүмкіндіктері мен халық қажеттіліктері тұрғысынан теңдестірілген Бірыңғай медициналық көмек пакетінің жасалуы. Негізгі бөлігі мемлекеттің кепілдік берген пакетімен қамтамасыз етілсе, кеңейтілген қызметтер МӘМС жүйесі арқылы төленеді.

«Негізгі пакеттен тыс барлық қызметтер сақтандыру жүйесі арқылы жабылуы тиіс. Бұл медициналық көмек жүйесін әділ әрі тұрақты етеді», — деп атап өтті Ләззат Шоманова.

2025 жылы Бірыңғай мемлекеттік медициналық көмектің негізгі пакеті туберкулез, АИТВ/ЖИТС, онкология, қант диабеті, психиатриялық аурулар, сирек кездесетін аурулар, миокардтың өткір инфаркты, церебралды сал ауруы (ДЦП) және т.б. 13 әлеуметтік маңызды аурулардың толық емделуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, динамикалық бақылауға жататын 9 ауру тобы, жедел және шұғыл көмек, паллиативтік көмек, шетелде емдеу, шұғыл жағдайларда жоғары технологиялық медициналық көмек және басқа да қызметтер қамтылады.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық онкоскринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тегін болады. Сондай-ақ жаңа қызметтер енгізіледі: брахиоцефальды артериялардың УДЗ (ультрадыбыстық допплерографиясы) және амбулаторлық коронарография.

«Халықаралық тәжірибені зерттедік. Көптеген елдерде негізгі пакеттер шектеулі, ал бізде бұл тізімнің аясы кең, және бұл саналы таңдау», — деді Шоманова.

Қаржылық тұрақтылық және әділдік Қаржылық тұрақтылықты нығайту үшін:
• 2026 жылғы қаңтардан бастап жарналарды есептеу үшін табыс шегінің жоғарғы мөлшері арттырылады — жұмыс берушілер үшін 40 ең төменгі жалақы (ЕТЖ), жұмысшылар үшін 20 ЕТЖ дейін.
• 2027 жылдан бастап мемлекеттің жарна мөлшерлемелері кезең-кезеңімен 2%-дан 2037 жылға қарай 4,7%-ға дейін өседі.

«Біз 2015 жылғы бастапқы заңда бекітілген теңдестірілген модельге ораламыз. Бұл қызметкерлер мен жұмыс берушілердің жүктемесін арттырмай, жүйеге қосымша 2,8 триллион теңге әкеледі», — деді Шоманова.
Әлеуметтік осал топтарды қолдау Қазір халықтың 82,3%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Шамамен 3,4 миллион адам жүйеден тыс қалып отыр, оның ішінде 1 миллион — әл-ауқаты төмен және жұмыссыз азаматтар.

«Олардың жарналары жергілікті атқарушы органдар арқылы медициналық көмекке жүгінген кезде төленетін болады. Бұл емдеуге қолжетімділікті қамтамасыз етеді және халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді», — деді Ләззат Шоманова.

Бұл шаралар 2026 жылы МӘМС жүйесімен қамтуға 95%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Ашықтық, бақылау және қатысушыларды қолдау Жүйе тұрақты қатысушыларға да әділ болып келеді. Енді төлемдердің уақытылы түспесе, жарналар тұрақты түрде 5 жыл бойы төленген жағдайда сақтандырылған мәртебесі 6 айға дейін сақталады (бұрын 3 ай).

«Бұл жауапкершілігі жоғары, бірақ уақытша қиын жағдайға тап болғандар үшін маңызды», — деп түсіндірді Шоманова.

Халықтың сенімін арттыру үшін қосымша бақылау механизмдері енгізіледі:
• Медициналық ұйымдар мен Қор қызметінің ашықтығын күшейту.
• Медициналық фармакологиялық бақылау комитетіне бақылау өкілеттігін беру — ол қажетті рұқсатсыз медициналық қызмет көрсетуді анықтап, тоқтата алады.

Қорытынды: жаңа модель — 2027 жылға қарай Жаңа қаржыландыру моделі 2027 жылға қарай сақтандыру принципіне көшеді: 35%-ы мемлекет есебінен, 65%-ы МӘМС арқылы төленеді. Бұл барлық халық санаттары үшін медициналық көмектің тұрақтылығын, ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

«Бұл — қаржыландыруды, қызметтерді және әлеуметтік әділдікті қамтитын жүйелі реформа. Біз Қазақстандағы денсаулық сақтауды дамытудың берік негізін қалаудамыз», — деп түйіндеді Ләззат Шоманова.
06.08.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу