Артқа
Артқа

Дөңгелектегі емхана: консультациялық-диагностикалық қызметтер, дәрігерлердің кеңесі, ауруханаға жатқызу жолдамасы ауылда қолжетімді

Ел халқының жартысы ауылдық елді мекендерде тұрады. Сондықтан ауыл халқының денсаулығын қорғау және медицинаның қол жетімділігін қамтамасыз ету денсаулық сақтау жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. «Дөңгелектегі емхана» деп аталатын жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) өңірдегі ауыл тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуде.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ауылдағы денсаулық саласын дамуына қолдау көрсетеді. Өткен жылы еліміздің шалғай елді мекендерінің тұрғындары үшін 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Осылайша, бүгінде ауыл тұрғындарына 149 ЖМК қызмет көрсетуде.

Жылжымалы медициналық кешендердің бірі Жалағаш ауданындағы тұрғындарына медқызмет көрсетеді. Медициналық көмекті терапевт, офтальмолог, оториноларинголог, гинеколог, хирург, невропатолог, стоматолог, эндокринолог, психолог, рентген лаборант және басқа мамандар қалыптастырады.

Жылжымалы медициналық кешендер консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету үшін барлық қажетті құрал - жабдықтармен жабдықталған. Осы «доңгелекті емханалардың» арқасында ең шалғай елді мекендердің тұрғындары кардиограмма, УДЗ, скринингтік тексерулерден өтіп, сонымен қатар дәрігерлерден кенес және ауруханаға жатқызуға, жеке медициналық мекемелерде емделуге жолдамалар ала алады.

2021 жылы ЖМК дәрігерлері Жалағаш ауданының 16 300 тұрғынын медициналық қызметтермен қамтуды жоспарлап отыр. Бұл мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы 14 миллион теңгеден астам қаражат бөлді.

Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Жалағаш аудандық ауруханасының ЖМК ауданның 14 ауылдық елді мекенінде болды. Медициналық қызметпен 4 мыңнан астам адам қамтылды, оның 300-і – балалар. Көп жағдайда тұрғындар жүрек-қан тамырлары ауруларына, қант диабетіне шалдыққан.

Жалағаш ауданының Ақсу ауылында артериялық гипертензиясы бар науқастар аз емес. Осы елді мекенде 1 677 халық орналасқан, оның 328-і диспансерлік есепте тұрады.

 Айта кету керек, 9 айында жылжымалы медициналық кешендер арқылы Қызылорда облысының ауыл тұрғындарына барлығы 80 мың қызмет көрсетілді, олардың басым бөлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен көрсетілді.

Жалпы еліміз бойынша 2021 жылдың 7 айында ЖМК ауыл тұрғындарына 523 мың медициналық қызмет көрсетті, оған 1 022 млн теңге жұмсалды.

Егер сұрақтарыңыз болса, сіз оларды емханаңыздан пациенттерге қолдау көрсету қызметіне хабарласып сұрай аласыз. Егер сізге сол жерде көмектесе алмаған жағдайда, онда сіз ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-да SaqtandyryBot және Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.

27.10.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
81% ГОДОВОГО ОБЪЕМА ФИНАНСИРОВАНИЯ ВЫПЛАТИЛ ФСМС  МЕДОРГАНИЗАЦИЯМ
ӘМСҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ЖЫЛДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЛЕМІНІҢ 81%-ЫН ТӨЛЕДІ
12 желтоқсандағы жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры клиникаларға 2 трлн 298 млрд теңге төлем жасады. Қазіргі уақытта қараша айы бойынша есеп айырысу жүргізілуде.
13.12.2024
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА НОЯБРЬ 2024 ГОДА
2024 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Қазақстандық дәрігерлер заманауи технологияларды қолдана отырып, пациенттердің өмірін сақтап қалу жолында жоғары кәсібилік көрсетуде.
11.12.2024
КЛИЕНТЫ ЕВРАЗИЙСКОГО БАНКА БУДУТ ПОЛУЧАТЬ  PUSH-УВЕДОМЛЕНИЯ ПО ОСМС
ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК КЛИЕНТТЕРІ МӘМС БОЙЫНША PUSH-ХАБАРЛАМА АЛАТЫН БОЛАДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен Еуразиялық банк МӘМС төлемдерін өткізу туралы клиенттерге push-хабарлама жіберу жөнінде келісімге келді. Осы мақсатта тараптар тиісті меморандумға қол қойды.
10.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу