1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өткізілетін тіркеу науқаны шеңберінде қазақстандықтар қызмет көрсету емханасын ауыстыра алады. Осы жылы 700-ге жуық медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарының (МСАК) арасынан емхананы таңдауға болады. Оның 341-і жеке меншік. Қор атап өткендей, науқанның алғашқы айында 60 мыңнан астам қазақстандық алғаш рет МСАК ұйымдарына тіркелген.

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тіркеу науқаны 2022 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасатынын еске салды. Бұл кезеңде тұрғындар 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет көрсетілетін емхананы таңдай алады.

«Тіркеу науқанына барлығы 696 МСАК ұйымы қатысады. Олардың 67-сі науқанға алғаш рет қатысып отыр, яғни Қор олармен медициналық қызметтерді сатып алу келісімшарттарын бұрын жасамаған. Азаматтар өз емханасының ішіндегі учаскелік дәрігерді де, жалпы емхананың өзін де ауыстыра алады. Тіркеу ұйымын таңдаған кезде үйге жақын емхананы таңдауды ұсынамыз, өйткені емхананың қызмет көрсету аймағында тұратын науқастарға үйде медициналық көмек көрсетіледі», – деп Қорда айтылды.

Науқанның бірінші айында 60 мыңнан астам адам жаңа МСАК ұйымдарына алғаш рет тіркелді. 2021 жылы өткізілген науқан қорытындысы бойынша 110 мың қазақстандық таңдау құқығын пайдаланып, тіркеудегі емханаларын ауыстырды.

Не істеу керек?

1.     Тіркелу мәртебесін тікелей тұрғылықты жері бойынша емханада немесе жеке деректердегі электрондық үкімет веб-порталында (ЭЦҚ арқылы авторизациялау) тексеру қажет.

2.     Өзіңіз қызмет көрсеткенін қалайтын дәрігер мен клиниканы таңдаңыз. Алдымен осы емханадан сізді қызықтыратын аймақта бос орынның бар-жоғын білу ұсынылады.

3.     www.egov.kz. электронды үкімет порталына кіріңіз. «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдаңыз. Әрі қарай электрондық өтініштің барлық өрістерін толтыру қажет.

4.     Емхана пациент туралы мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Оң жауап болған жағдайда сіз медициналық ұйымнан тіркеу туралы хабарлама аласыз.

Зейнеткерлер; мүгедектер; бала кезінен мүгедектерге тағайындалған қорғаншылар; қорғаншылар, қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер; колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталғандар; студенттер; әскери міндеттілер; шет мемлекеттерде туған балалар; сенімхат арқылы тіркеуге өтініш берген адамдар еркін нысандағы өтініш және жеке басын куәландыратын құжатпен емханаға тікелей хабарласу арқылы өздерін тіркей алады.

 

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, оларды Пациенттерді қолдау қызметіне хабарласу арқылы емханаңызда қоя аласыз. Егер сізге ол жерде көмек көрсетілмесе, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы өтініш жібере аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-да Saqtandyrybot.

Дәл осы құралдар сақтандырудың мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеріп, жүргізілген төлемдер туралы ҚР egov.kz электрондық үкіметінің сайтында «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық қызметтер туралы және МӘМС-те аударылған сомалар туралы ақпарат» мемлекеттік қызметі арқылы білуге болады.

03.11.2022
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу