1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

ӘМСҚ эпидемияға қарсы шараларға қатысатын медициналық ұйымдарды қаржыландыру туралы айтып берді

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов COVID-19 коронавирусына қарсы іс-шараларға қатысатын медициналық ұйымдарды қаржыландыру туралы хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын медициналық қызметкерлерді көтермелеу туралы шешім қабылдаған. Қызметкерлердің жалақысына үстемеақы белгілеу ережелері әзірленді, онда тәуекел топтары, алушылардың тізімдер қалыптастыру тәртібі және төлемдердің мөлшерлері анықталды.

Медициналық қызметкерлерге үстемеақы тәуекел топтарына байланысты төленеді: 212,5 мың теңгеден (5 ТЖМ) 850 мың теңгеге дейін (20 ТЖМ).

Үстемеақы алушылардың тізімдерін жедел штабтарда құрылған аймақтық комиссиялар құрайды. Комиссия төрағалары әкім орынбасарларынан тағайындалады. Комиссиялардың құрамына денсаулық сақтау бөлімдерінің,  өңірлік бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, үкіметтік емес ұйымдардың және т. б. өкілдері кіреді.

Үстемеақы республикалық бюджет есебінен төленеді. Төлемдер комиссиялар ұсынған тізімдерге сәйкес Қормен жасалады.

Жалпы бұл мақсатқа 35,7 млрд теңге бөлінген. Қор стационарлармен келісім-шарттар жасады. Наурыз айы бойынша төлемдер жүргізілді: 17,4 мыңнан астам медициналық қызметкерлеріне 3,3 млрд. теңгеден астам қаражат жіберілді. Ең көп сомалар Алматыдағы және Нұр-Сұлтандағы медициналық қызметкерлеріне төленді - шамамен 1,9 млрд. теңге.

Қордың қаржы операторы ретіндегі рөлі тек қаржыларды төлеу ғана емес, «COVID-19 коронавирусымен күресу аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына берілген мәліметтердің сәйкестігін тексеру да болып табылады. Осыған орай, Қор үстемақы алушылардың тізімдерін тексеру бойынша үлкен жұмыстар жүргізеді.

ӘМСҚ басшысы, болжам бойынша қолдау көрсетілетін медициналық қызметкерлердің саны екі есеге дейін артады деп атап өтті.

23.04.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу