Болат Төкежанов Ақтөбе қаласындағы бірқатар медициналық нысандарды аралады
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Басқарма төрағасы Ақтөбе қаласына жұмыс сапары аясында екі ірі медициналық ұйымға - Ана мен баланы қорғау орталығына және Ақтөбе медициналық орталығына барып, басшыларымен ТМККК және МӘМС шеңберінде қаржыландырудың, сондай-ақ тариф белгілеудің өзекті мәселелерін талқылады.
Болат Төкежанов 400 төсекке арналған көп бейінді стационар бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Медициналық орталықтың құрамында босандыру бөлімшесі, инсульт орталығы, рентгенэндоваскулярлық зерттеулер бөлімшесі жұмыс істейді, онда жүрекке, бас миының тамырларына, аяқ-қолдардың шеткі тамырларына барлық дерлік операциялар жүргізіледі.
Аритмологиялық операциялар тек Ақтөбе облысының ғана емес, сонымен қатар республиканың батыс өңірінің, сондай-ақ Қостанай және Қызылорда облыстарының тұрғындарына орындалады.
2014 жылдан бастап орталықта өңірде органдарды трансплантациялауды дамыту бағдарламасы табысты іске асырылуда. Транспланттау бойынша операциялар тұрғылықты жеріне қарамастан, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бағдарламалары шеңберінде Қазақстанның барлық азаматтарына тегін негізде жүргізіледі.
Орталық ең заманауи диагностикалық және емдеу жабдығымен жабдықталған: 64 кесінді компьютерлік томография аппараттарымен, 1,5 Тесла МРТ, соңғы 5 буын ангиографтарымен, операциялық микроскоптармен, электрондық-оптикалық түрлендіргіштермен, 3D лапароскопиялық тіреумен, барлық палаталар медициналық персоналды шақыру нүктелерімен және медициналық газдармен жабдықталған.
Сондай-ақ, Қор басшысы 240 төсектік ана мен баланы қорғау орталығында болды, онда жыл сайын қаланың, облыстың және Қазақстанның батыс өңірінің 11 мың науқас баласы емделуде. Орталықта жалпы хирургия, жақ-бет хирургиясы, травматология, отоларингология, неврология, Педиатрия және кардиохирургия бөлімдері жұмыс істейді. Ол барлық қажетті жабдықтармен- КТ, МРТ және рентген аппараттарымен жабдықталған.