1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
БЕСПЛАТНЫЕ ЛЕКАРСТВА: КТО ИМЕЕТ ПРАВО И КАК ПОЛУЧИТЬ

Созылмалы және әлеуметтік маңызды ауруларға шалдыққан азаматтар кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) аясында тегін дәрі-дәрмек алуға құқылы. Дегенмен елімізде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін көбі білмейді. Қордың басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Тәжібаева бұл туралы толығырақ айтып берді.

  Еліміздегі ТМККК және МӘМС жүйесі медициналық қызметтерді ғана емес, амбулаторлық және стационарлық емдеу кезінде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрі-дәрмектерді қамтиды. Пациент ауруханада тәулік бойы стационарлық ем алу барысында дәрі-дәрмектерді қабылдайды.

Енді емхана деңгейінде берілетін дәрі-дәрмектерге тоқталсақ.

Белгілі бір ауруларға (жағдайлар) шалдыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін және жеңілдікпен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған арнайы дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың тізімі бар. Ол ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75 бұйрығымен бекітілген (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023885). Бұл тізімде аурулар мен оларға арналған дәрі-дәрмектер, дозалар және беру формалары жазылған. Сондай-ақ оларды емханадан кім тегін ала алатыны нақты көрсетілген.

Жағдайға қарай Министрлік бұйрықты арагідік қайта қарайды. Сәуле Тәжібаева атап өткендей, 2019 жылмен салыстырғанда, қазір аурулар тізімі 44-тен 84-ке дейін екі есе артқан. Ал дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың саны 1,5 есе, яғни 249-дан 372 позицияға дейін өскен.
ТМККК аясында 50 нозология бойынша 256 дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бар. Ал МӘМС жүйесінде ересектерге 13 нозология бойынша 54 дәрі-дәрмек, балаларға 21 нозология бойынша 62 дәрі-дәрмек қарастырылған.

«СК-Фармация» ЖШС дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды емханаларға жеткізумен айналысады. Айта кетерлігі, Қор «СК-Фармация» ЖШС-мен жасалған келісімшарт негізінде пациенттерге тегін берілген барлық дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың төлемін аударады. Төлемдер республикалық бюджеттен (ТМККК пакеті) және Қор активтерінен (МӘМС пакеті) түседі.

«2025 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 262,95 млрд теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 226,6 млрд теңге, МӘМС шеңберінде – 36,4 млрд теңге қарастырылған. Байқағандарыңыздай, негізгі бөлігі – 226,6 млрд теңге - ТМККК пакетіне тиесілі. Оған онкологиялық және сирек кездесетін аурулар кіреді және сатып алынатын дәрі-дәрмектер құны қымбат (бір препараттың бағасы жүздеген мыңнан миллион теңгеге дейін)», – дейді Сәуле Мұсанқызы.

2025 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ТМККК аясында 1,4 млн жуық пациентке 131,77 млрд теңгеге дәрі-дәрмек берілген. 49 ауру бойынша шамамен 5,4 млн рецепт қамтылды. МӘМС жүйесі аясында 1,26 млн адам шамамен 18,5 млрд теңгеге амбулаторлық дәрі-дәрмек алған. Оларға 53 ауру бойынша 4,8 млн рецепт берілді.

Салыстырып айтсақ, 2024 жылы амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ТМККК бойынша 215,3 млрд теңге, МӘМС аясында 30,9 млрд теңге игерілді.

Пациенттер амбулаторлық дәрі-дәрмектерді қалай алуға болатынын жиі сұрайды. Қор өкілі олар тізімге кіретін аурулар бойынша есепте тұрғандар үшін қолжетімді екенін түсіндірді. Мұндайда диагнозды растау үшін қажетті тексерулерден өту керек. Ізінше диспансерлік есепке қойылып, учаскелік немесе профильді дәрігердің бақылауында болады. Дәрігерден рецепт алған пациент емханасындағы амбулаторлық дәрі-дәрмек беретін дәріханаға барады. Оны тек сол есепте тұрған адам ғана ала алады, сондықтан жеке куәлік көрсету қажет.

Егер пациент қажетті препаратты ұзақ уақыт бойы ала алмаса, «СК-Фармация» байланыс орталығына 1439 нөмірі арқылы жүгінген жөн. Ал мәселе дәрі-дәрмекті жеткізуде болмаса, Қорға eotinish платформасы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, @SaqtandyryBot Telegram-боты немесе msqory.kz сайтындағы қызмет арқылы өтініш қалдыруға болады.
22.08.2025
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу