1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Мемлекеттік органдардың өкілдері ведомствоаралық комиссия отырысында сақтандырылушы мен сақтандырылмаған халықты дұрыс бейнелеу мәселелерін талқылады.

 

Бүгінгі таңда шетелдіктердің тұруға ықтиярхаты бойынша құжат алғанға дейін МӘМС жүйесінде кезеңді сәйкестендіруде мәселе бар.

ҚР-да тұрақты тұратын (тұруға ықтиярхат алған) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тұруға ықтиярхат алған сәттен бастап төлемдер болған кезде сақтандырылу мәртебесі ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің ақпараттық жүйесімен интеграциялану жоқ (яғни адамның тұруға ықтиярхат алған күніне байланыстылығы жоқ) болғандықтан автоматты түрде берілмейді. Осыған байланысты жүйеде тұруға ықтиярхатсыз шетелдіктер болған кезеңдер үшін берешек қалыптасады және тиісінше олардан МӘМС жарналарын төлеу талап етілмеді (ЕАЭО мүше елдерінің азаматтары болып табылатын еңбек мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінен басқа).

Осыған байланысты, Қорға ҚР ІІМ-мен бірлесіп, ықтиярхатты алу күніне байланыстыруды жүзеге асыру үшін Қордың АЖ-ін ҚР ІІМ-нің АЖ-мен интеграциялау бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.

Сонымен қатар, Қордың "Saqtandyrý" АЖ-да сақтандырылмаған халық саны дұрыс қалыптаспайды және 4,2 млн адамға жетеді, өйткені ҚР Әділет министрлігінің "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі – ЖТМДҚ) есепте тұрған, басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен, қайтыс болған ҚР азаматтарының мәліметтерін өзектендіру тетігі жоқ.

Осыған байланысты, Денсаулық сақтау министрлігіне Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығымен және Әділет министрлігімен бірлесіп, "Бекітілген халық тіркелімі" және "Жеке тұлға "мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйелерінде қайтыс болғандар мен тұрақты тұруға кеткен адамдар бойынша сүзгіні белгілей отырып, процесті автоматтандыру тетігін одан әрі әзірлеп, мәртебелерді салыстырып тексеруді және өзектендіруді қамтамасыз ету тапсырылды

 

29.06.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу