1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тамыз айында ел бойынша 700-ден астам медициналық ұйымда «Құпия пациент» акциясын өткізді.

Қор «Шілде айында медициналық сақтандыру жүйесінде жеңілдік кезеңі аяқталғаннан кейін, медициналық ұйымдардың қызмет көрсетуден бас тартатыны туралы, тіпті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакетіне кіретін және Қазақстанда тұратын әрбір адамға қолжетімді екендігі туралы халықтың шағымдары жиілеп кеткенін» атап өтті.
Сондықтан әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тіркеу орны мамандары мен медицина қызметкерлерінің медициналық сақтандыру жүйесі, МӘМС пен ТМККК пакетіне кіретін медициналық қызметтер, медициналық көмек көрсету стандарттары, сондай-ақ пациенттердің сақтандырылу мәртебесі туралы білімдеріне мониторинг жүргізуге бастама жасады.
Акция филиалдардың арнайы дайындалған сарапшыларымен медициналық ұйымдарға қоңырау шалу арқылы өткізілді. Зерттеу қорытындысы бойынша Жамбыл (78,3%), Павлодар (78%) және Ақтөбе (78%) облыстарының медицина қызметкерлері ең жоғары білім деңгейін көрсетті.

Маңғыстау облысында ең нашар жағдай - бұл көрсеткіш небәрі 27,7% құрады. Сондай - ақ аутсайдер үштігінде Алматы облысы - 46,4% және Алматы қаласы-49%.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Біз үшін пациенттерге қажетті медициналық қызметті алудан заңсыз бас тарту санын азайту, медициналық ұйымдардағы меициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, пациенттерді толыққанды кеңестермен қамтамасыз ету маңызды. Нәтижелер медицина қызметкерлерінің білімін күшейту және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру қажет бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл қандай да бір жазалау шаралары үшін емес, медицина қызметкерлерін атаулы оқытуға негіз болады» деп атап өтті.

Сарапшылардың жиі ескертулерінің ішінде: кейбір медицина қызметкерлерінің МӘМС пен ТМККК пакеттерінің арасындағы айырмашылықтарды анық түсінбеуі, жарналар мен аударымдарға қатысты дұрыс емес жауаптар, төлем тәсілдері, дербес төлеуші мен БЖТ төлеуші арасындағы төлем айырмашылықтарын түсінбеуі, сақтандырудың мәртебесі және ол болмаған кезде медициналық көмек алу мүмкіндіктері туралы жеткіліксіз хабардар болуы.

Қор «Біз зерттеу нәтижелерін алдық және әр аймақ бойынша талдау жасадық. Жобаның арқасында біз жағдай мен пациенттің көзімен көрсетілетін медициналық көмектің сапасын бағалауға тырыстық. Содан кейін қордың медициналық қызметкерлерге арналған барлық оқыту іс – шаралары әр өңір үшін ескертулерді ескере отырып түзетіледі» - деп атап өтті.

01.09.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу