МӘМС жүйесін енгізу отандық денсаулық сақтауды қаржыландыруды 2019 жылғы 1 трлн теңгеден 2021 жылы 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ТМККК және МӘМС бойынша халыққа медициналық қызмет көрсететін жеке өнім берушілердің саны өсуде. Бұл медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік береді, деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.

Медициналық сақтандыруды енгізумен денсаулық сақтау саласын қаржыландыру айтарлықтай өсті. Егер 2019 жылы бюджет шамамен 1 трлн теңгені құраса, биыл ол екі еседен астам– 2,2 трлн теңгеге дейін өсті, онда 730 млрд теңге МӘМС есебіне түседі.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында мемлекеттен және халықтан МӘМС үшін түсімдер 685 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын жарналар мен аударымдар 550 млрд теңгені құрады.

«Естеріңізге сала кетейік, бұл қаражат «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ арқылы ҚР Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі. Сол жерден халыққа көрсетілген медициналық қызметтер үшін ақы төлеу үшін МӘМС шеңберінде Қордың өнім берушілер базасындағы медициналық ұйымдарға жіберіледі», - деп түсіндірді Қордың баспасөз қызметі.

Медициналық сақтандыруды енгізудің арқасында бұрын толық қаржыландырылмаған бағыттарды қаржыландыру жақсарды, атап айтсақ - халыққа қажетті медициналық оңалту қызметтері, тар бейінді мамандардың консультациялары және КТ/МРТ, рентген, УДЗ сияқты диагностикалық қызметтер, қымбат тұратын талдаулар.

«МӘМС пен ТМККК екі пакеті бойынша қаржыландырудың өсуін ескере отырып, осы жылдың 11 айында көрсетілген медициналық қызметтер үшін Қор 1,82 трлн теңгеден астам төлем қабылдады. Осылайша, бүгінде көптеген пациенттер диагностикадан өтіп, МӘМС бойынша дәрігерлердің кеңесін тегін ала алады, тек жарналарды үнемі төлеп отыруы қажет", - деп түсіндіреді Қор.

Оның ішінде МСАК ұйымдары көрсеткен қызметтер 357,9 млрд теңгеден асты. Шамамен 163,8 млрд теңге амбулаториялық жағдайда көрсетілген консультациялық-диагностикалық көмекті төлеуге бағытталды. Стационарлардағы мамандандырылған медициналық көмектің үлесіне 322,9 млрд теңге тиесілі. Ауыл халқына аудандық ауруханалар мен емханалар ұсынатын стационарлық және стационарды алмастыратын көмекті қаржыландыру шамамен 110,3 млрд теңгені құрады.

Жалпы, өнім берушілермен медициналық қызмет көрсетуге жасалған шарттардың сомасы өсті.

«2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 1 393 медициналық ұйым Қордың өнім берушілері болып табылады, олардың жартысынан көбі – жеке меншік нысаны. Бір жыл бұрын өнім берушілер саны 1 290 медициналық ұйымды құрады, бірақ сол кезде мемлекеттік ауруханалар мен емханалар саны басым болды», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта жеке өнім берушілер гемодиализ және стационарды алмастыратын көмек көрсету бойынша жетекші орында тұр. Медициналық оңалту бойынша өнім берушілердің айтарлықтай өсуі байқалады.

Егер сізде медициналық көмек көрсетудің сапасы мен уақтылығы бойынша сұрақтар туындаса, сіз емхананың Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы хабарласа аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

 

 

30.12.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу