1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Бірінші жартыжылдықта ең көп түсім әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік санатындағылар үшін мемлекеттің төлеген жарналары болып табылды, бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов мәлімдеме жасады.

ӘМСҚ басшысы мәлімдегендей, 2021 жылдың 1-жартыжылдығында 372,8 млрд теңге түсті, бұл жылдық жоспардан түсетін түсімдер жоспарының 53%-на сәйкес келіп отыр.

Осылайша, түсімдердің жалпы сомасынан алғанда:

- Азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін мемлекеттің жарналары-182,1 млрд теңге. 2020 жылы осы кезеңге 146,6 млрд теңге түсті .

- Жұмыс берушілердің аударымдары 94,1 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың осындай кезеңінде бұл сома 76 млрд теңгені құрап отыр.

- 2021 жылдың 1 - жартыжылдығында қызметкерлер 81,8 млрд теңге төлем жасады. 2020 жылы бұл сома 31,3 млрд теңгені құрады.

- Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдардың жарналары 7,7 млрд теңгені құрады. Төлеушілердің осы санатымен 2020 жылдың дәл осындай кезеңінде 3,2 млрд теңге төлем жасалынды.

- Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар МӘМС үшін 3,1 млрд теңге төлем төледі. 2020 жылы аталған көрсеткіш 0,8 млрд теңгені құрады. БЖТ төлеушілер өткен 6 айдың көлемінде медициналық сақтандыру жүйесіне – 760 млн теңге, 2020 жылдың осындай кезеңінде – 1,9 млрд теңге төлем жасады .

Өзіне-өзі төлеушілер санаты 2021 жылдың 6 айында МӘМС үшін 3 млрд теңге төлем жасады. 2020 жылдың осындай кезеңінде бұл сома 180 млн теңгені құрады.

06.09.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу