1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұйрыққа өзгерістер енгізіп, үстемақы алатын медицина қызметкерлерінің тізімі кеңейтілді. Жаңа тізімге  мобильді бригада дәрігерлері мен мейірбике, МСАК жанындағы жедел жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ әскери-медициналық, орталық атқарушы органдардың сот-медициналық бөлімшелерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының, ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты  ұйымдардың қызметкерлері кірді.

«Инфекция тараған қауіпті жағдайда жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің саны эпидемиологиялық жағдайға байланысты ай сайын өзгеріп отырады. Егер наурызда коронавирусқа қарсы  жұмыс істеуге 19 мың медицина қызметкері тартылса, мысалы, шілдеде олардың саны 79 мыңға дейін өсті», - деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында COVID-19-ға қарсы күрес аясында денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне екінші жарты жылдықта ынталандыру ретінде 150 млрд теңге бөлуді тапсырған еді. Қор жыл соңына дейін медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу үшін қажетті қаржының  болжамды есебін жасады, шамамен 135 млрд. теңге қажет.

08.10.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу