1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Қазақстанда 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында емханаларға бекітілу бойынша жыл сайынғы науқан аяқталды. Осы кезеңде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын 247 мың адам пайдаланды, оның 2 мыңы емханаға алғаш рет тіркелді.

 «Бекіту науқанының қорытындысы бойынша, халықтың бөлінуін ескере отырып, медициналық ұйымдарды келесі жылға қаржыландыру көлемі қалыптастырылатын болады. Науқан шеңберінде емхана ауысқан кезде азаматтар 2022 жылғы 1 - қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС бойынша көмек ала алады. Аталған уақытқа дейін оларға бұрынғы медициналық ұйымда қызмет көрсетіледі», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметінде түсіндірілді.

Бекіту науқанына барлығы 624 МСАК нысандары қатысты, оларда 13 мыңға жуық учаске жұмыс істейді. Салыстыра кететін болсақ, 2021 жылы бекітілу науқаны бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек 521 медициналық ұйымда қол жетімді болды. Жыл сайын амбулаториялық-емханалық көмек өнім берушілерінің саны өсуде, бұл халыққа медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 16 - қарашадағы жағдайға сүйенетін болсақ, республика бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 19,4 млн-нан астам адам бекітілген, олардың ішінде шетелдіктер мен қандастар да бар.

Естеріңізге сала кетейік, бекітілу науқаны-емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі болып табылмайды. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса немесе жойылса және тағы басқа жағдайларда да жүргізіледі.

 Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз жақын маңдағы емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, 24/7 Goldau мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

23.11.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу