1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы

Қазір МӘМС жүйесінде 15,3 млн. адам сақтандырылған. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша медициналық сақтандырудан 3,4 млн. адам тыс қалған, - деп хабарлады ОКҚ брифингінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов.

«Бүгінгі таңда 3,4 миллион қазақстандық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сақтандырылмаған. Бұл жалпы халықтың 18 пайызы. Оның ішінде 2 млн. астамы - БЖТ төлеуші, дербес төлеуші, жалдамалы жұмысшы, ЖК, жеке практикамен айналысатын азаматтар. Олардың атынан қорға тұрақты түрде  аударым  түспегендіктен,  жүйеден тыс қалған. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 1,3 млн адам МӘМС жүйесіне бірде-бір рет жарна мен аударым жасамаған, сондықтан оларда медициналық сақтандыруда мәртебесі жоқ», - деді Б.Төкежанов.

Ол биыл 1 шілдеде  медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік кезеңі аяқталғанын еске салды. «МӘМС туралы» заң бойынша 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қорға жүйелі түрде жарна мен аударым жасаған адамдар сақтандыру мәртебесіне ие, бұған  жеңілдік жасалған 15 санатқа кіретіндер қосылмайды. Алайда, ТЖ кезінде халықтың бір бөлігі табысынан және осы жарналарды төлеу мүмкіндігінен айырылды.

«Осыған байланысты Қор пандемия кезінде сақтандыру мәртебесін жоғалтқандарға көмексету үшін  Үкіметке бірқатар ұсыныс жасады. Нәтижесінде медициналық сақтандыру жүйесіне 740 мыңға жуық адамды қайта «қайтардық»», - деді Медициналық сақтандыру қорының басшысы.

Азаматтар сақтандыру жүйесіне қатысу үшін жыл басынан бері ай сайын үздіксіз Қорға төлем жасауы тиіс. Төкежанов, сондай-ақ МӘМС тыс қалған адамдарды  жүйеге қатысуға  шақырды.

«Сақтандырылған азаматтар үшін медициналық қызметтердің көлемі мен құнына қатысты шектеу жоқ. МӘМС-ке жылына 25 мың теңге көлемінде ең төменгі  төлем  жасаған пациент медициналық көмекті тегін алады, ал аударған жарнасының  сомасы маңызды емес», - деді ӘМСҚ басшысы.

24.09.2020
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу