Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға биылғы шілде-тамыз айларына төлем жүргізу барысы туралы есеп берді.
2025 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық көмек көрсету үшін Қор жеткізушілермен жалпы сомасы 2 499 млрд теңгені құрайтын медициналық қызметтерді сатып алу шарттарын жасасты.
Бүгінгі жағдай бойынша елімізде шамамен 1 462,8 млрд теңге төленді, оның ішінде 328,8 млрд теңге жеткізушілерге аванс ретінде берілді.
«4 қыркүйекті алар болсақ, еліміздегі 1905 медициналық ұйымның 1897-сіне төлем жүргізілді. Осы уақытта маусым айының төлемі 99,6% көлемінде жабылды. Қазір шілде айын жабу жұмыстары жүргізілуде», — деді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.
2025 жылғы 4 қыркүйектегі жағдай бойынша нақты орындалған сома 1 337,4 млрд теңгені құрап отыр, бұл сатып алу жоспарының 50%-ына тең. Оның ішінде:
- 739,6 млрд теңге — ТМККК шеңберіндегі қызметтер (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоспағанда);
- 597,9 млрд теңге — МӘМС аясындағы қызметтер (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоспағанда).
Сондай-ақ, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 2025 жылға 263 млрд теңге, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 226,6 млрд теңге, ал МӘМС шеңберінде – 36,4 млрд теңге бөлінді. «СК-Фармация» ЖШС-мен амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жасалған келісімшарт аясында 52,6 млрд теңге көлемінде яғни келісімшарт сомасының 20%-ы мөлшерінде аванс төленді. Орындау сомасы – 125,1 млрд теңге.
Биыл медициналық қызметтерге төлемдер Қордың төлем жүйесі — «Сақтандыру» ақпараттық жүйесі арқылы толық көлемде жүзеге асырылады.
Қор медициналық қызмет жеткізушілерін уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, бұл азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Десе де төлемдер ҚР Қаржы министрлігінен қаржы түсуіне қарай жүргізіледі.

08.09.2025
66% считают статью полезной
Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026