Емделушілердің оқиғалары
Артқа
Артқа

ШЫМКЕНТТЕ ЕР АДАМНЫҢ МИ ҚАН ТАМЫРЫНА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЕР АДАМНЫҢ МИ ҚАН ТАМЫРЫНА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Шымкентте тың тәсілмен ми қан тамырларына ота жасалды. Осылайша 38 жастағы ер азамат инсульттан аман қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ота құны 6 млн 200 мың теңге болған. Алайда бұл операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін өтті. Күрделі хирургиялық ем шарасын №2 қалалық аурухананың білікті нейрохирург дәрігері Еркін Медетов жасады.

Науқасты көптен бері бас ауруы, құрысу мазалап келген. Медициналық тексеру барысында ми қан тамырларының мальформациясы анықталған. Инсульт алуға шақ қалған азаматты аман алып қалу үшін жедел әрекет ету қажет болады.

"Артериовенозды мальформацияны" емдеуде ашық немесе тамырдың ішімен ота жасауға болады. Дәрігерлер бұл жолы қан айналымын бітеген тамырларды эмбализация жасап, тіліксіз отаның тың әдісін қолданды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы және таяу күндері ауруханадан шығарылады. Дегенмен дәрігерлердің кеңесін тұрақты орындап, бақылауда болуға тиіс.

"Ашық немесе тамырдың ішімен ота жасауға болады. Ашық ота жасаған уақытта бұл мальформацияны кесіп алып тастаймыз. Тамырдың ішімен болса, онда бітеу отасы жасалады. Біз қазір сол артериовенозды мальформацияны бітеумен айналыстық. Операция ойдағыдай өтті. Науқастың қазіргі таңдағы жағдайы жақсы, қазір қалыпқа келді. Негізі отадан кейін наркоздан кейінгі екі сағаттай уақыт, науқасты оятуға, қалпына келуіне кетеді", - дейді №2 қалалық аурухана нейрохирургі Еркін Медетов.

09.07.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ЖАМБЫЛДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КӨЗІНЕН АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ЖАНАРЫН САҚТАП ҚАЛДЫ
ЖАМБЫЛДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КӨЗІНЕН АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН АЗАМАТТЫҢ ЖАНАРЫН САҚТАП ҚАЛДЫ
Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығының дәрігерлері ауыр көз жарақатын алған азаматқа сәтті ота жасап, оның көру қабілетін сақтап қалды.
10.06.2025
ПАВЛОДАРСКИЕ ВРАЧИ СОБРАЛИ РЕБЕНКУ ЕГО РАЗДАВЛЕННУЮ ПОЧКУ
ПАВЛОДАРСКИЕ ВРАЧИ СОБРАЛИ РЕБЕНКУ ЕГО РАЗДАВЛЕННУЮ ПОЧКУ
Несчастный случай произошел с 13-летним Динмухамедом Алимовым. Мальчик упал на бордюр, получив тупую травму живота.
03.06.2025
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТУҒАН ШАҚАЛАҚҚА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТУҒАН ШАҚАЛАҚҚА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ
Облыстық балалар клиникалық ауруханасына ми қан айналымының жедел бұзылуы диагнозымен түскен нәрестеге сәтті ота жасалды.
03.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу